Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тарихта алғаш рет: Испания - Аргентина финалының жеңімпазы жаңа сыйлыққа ие болады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионаты финалының жеңімпаздары ерекше сыйлыққа ие болатынын мәлімдеді. Мұндай сыйлық бұрынғы чемпиондардың ешқайсысында болмаған, деп хабарлайды Tengri Sport ФИФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалындағы Испания - Аргентина матчінің жеңімпазы шектеулі таралыммен шығарылған арнайы жүзіктермен марапатталады.
ФИФА бұл дәстүрді Американың танымал спорт лигаларынан алған, мысалы, мұндай үрдіс Ұлттық баскетбол қауымдастығында (NBA), Ұлттық хоккей лигасында (NHL) немесе MLS футбол чемпионатында бар.

"ФИФА аясындағы жарыстар тарихында алғаш рет турнир жеңімпаздары эксклюзивті чемпиондық жүзіктерге ие болады. Бұл Американың ең танымал спорттық дәстүрлерінің бірін әлемдік ойынға енгізуге мүмкіндік береді.Әрбір жүзік турнирдің өзіне құрмет ретінде жеке нөмірленген, небәрі 2026 данадан тұратын қатаң шектеулі серияның бөлігі болады", - делінген ұйымның хабарламасында.

Айта кетейік, мұндай жүзіктердің 2026 данасы дайындалады: оның 30-ы командаға, ал 1996-сы бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге арналған.
Бұл ретте дизайнға жеңімпаз команданың нышандары қолданылады, сондықтан олар финалдан кейін жасалады. Ал марапаттау рәсімі кезінде команда капитаны мен жаттықтырушысына уақытша жүзіктер табысталады.
Мессиде чемпиондық жүзік бар
Еске сала кетейік, Лионель Месси бірнеше жылдан бері Америка лигасында "Интер Майами" сапында өнер көрсетіп келеді. Ол командамен бірге MLS кубогын жеңіп алып, чемпиондық жүзікке ие болған еді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ikade Gabriel Ulakom (@ikadegabrielulakom) жарияланымы


ӘЧ-2026 финалы: кім жеңеді?
ФИФА-ның тарихтағы алғашқы чемпиондық жүзіктерін не Испания құрамасының, не Аргентина құрамасының ойыншылары иеленеді.
Финалдық матч Нью-Йоркте (АҚШ) 19-нан 20-сына қараған түні өтеді және ол тарихтағы ең ұзақ шешуші матч болуы мүмкін. Ойын уақытынан бөлек, мұнда шоу-концерт үшін 30 минуттық үзіліс қарастырылған.
Аргентина құрамасы мундиал финалына қатарынан екінші рет шығып отыр - төрт жыл бұрын олар Франция құрамасын жеңген болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

CONMEBOL Copa América™️ (@copaamerica) жарияланымы


Испаниялықтар тарихта екінші рет финалда ойнайды. 2010 жылы олар шешуші кездесуде Нидерланды құрамасын ұтып, трофейді иеленген еді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Selección Española Masculina de Fútbol (@sefutbol) жарияланымы


Бұған дейін Аргентина футбол құрамасы әлем чемпионатының финалына дайындалу үшін Нью-Йоркке уақытында ұшып кете алмаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus