Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр мен 48 градус ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның кей өңірлерінде нөсер жауса, енді бір аймақтарда +48 градусқа дейін аптап сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.Қазақстанның бір бөлігінде жаңбыр жауады
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Көптеген аймақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел күшеюі мүмкін. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады деп болжанған. Қатты жаңбыр күтілетін аймақтар:

18 шілдеде - Қостанай облысының кей жерлерінде;19–20 шілдеде - Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында;20 шілдеде күндіз - Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында.

Сонымен қатар елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, 18 шілдеде орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.Қай өңірлерде салқындайды
Жаңбырдың жаууына байланысты Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Күндіз термометр бағандары +21...+29 градус аралығын.
Аптап ыстық қай өңірлерде сақталады
Сол уақытта елдің шығысы мен орталығының басым бөлігінде Орта Азия аймақтарынан келетін ыстық ауа массаларының әсері сақталады."Қазгидромет" болжамы бойынша күндіз мынадай температура күтіледі:

шығыс және орталық өңірлердің басым бөлігінде +35…+39 градусқа дейін;орталық және шығыс облыстардың оңтүстігінде +42 градусқа дейін;оңтүстік-батыста +44 градусқа дейін;елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48 градусқа дейін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus