Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тәшиев Қырғызстан президенті сайлауына қатысу туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев 2027 жылғы президент сайлауына қатысуы мүмкін деген қауесет аясында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.
Тәшиевтің үндеуін "Регион" телеарнасының бұрынғы бас директоры Өткірбек Рахманов жариялады. ҰҚМК-нің бұрынғы басшысының айтуынша, кейінгі кезде оның алдағы президенттік науқанға қатысуы мүмкін екені туралы қауесет пен жалған ақпарат тарап жүр. Осыған байланысты ол өз ұстанымын жария түрде білдіруді жөн көрген.

"Мен 2027 жылғы президент сайлауына қатыспаймын. Бұл туралы бұған дейін де бірнеше рет айтқанмын. Бүгін өз сөзімді тағы да растаймын. Менің ұстанымым өзгерген жоқ және өзгермейді де", - деді Тәшиев.

Сондай-ақ ол алдағы сайлауда Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаровты толық қолдайтынын атап өтті.
Сонымен қатар Тәшиев мемлекетке қызмет ету мүмкіндігін мақтан тұтатынын және ел игілігі үшін жұмысын жалғастыруға ниетті екенін айтты.
Үндеу соңында ол азаматтарды оның есімін жамылып, жалған ақпарат тарататын адамдарға сенбеуге шақырды. Тәшиевтің айтуынша, мұндай әрекеттер қоғамға іріткі салып, халық бірлігіне нұқсан келтіруді көздейді.
Еске сала кетейік, шілденің басында Бішкек соты Қамшыбек Тәшиевті "75-тің хаты" ісі бойынша мүлкін тәркілеп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесіп, оны үш жылдық пробациялық бақылаумен алмастырды.
Тағы оқыңыз: Қырғызстан соты Қамшыбек Тәшиевке қатысты үкімді түсіндірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus