Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбеде қоқыс жәшігі маңынан табылған күдікті сөмкеге қатысты оқиға сотта аяқталды

Ақтөбеде бірнеше ай бойы бүкіл қала талқылаған атышулы іс бойынша үкім шықты. Жергілікті 62 жастағы тұрғын танысын өлтіріп, оның денесін сөмкеге салып, тұрғын аудандағы қоқыс алаңына тастап кеткені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл наурызда Ақтөбедегі қоқыс алаңдары бірінен үлкен қытайлық сөмкеге салынған 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Жергілікті аула сыпырушының айтуынша, күдікті сөмке контейнерлер маңында бірнеше күн жатып, жағымсыз иіс шыға бастаған.
Фото Tengrinews.kz
Сөмке табылғаннан кейін полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстады. Ол жасаған қылмысын мойындады.
14 шілдеде Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе тұрғынын ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кісі өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол 14 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оны марқұмның туыстарына моральдық шығын ретінде екі миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Қайғылы оқиға сотталушының пәтерінде, жәбірленуші қонаққа келген кезде болған. Отырыстан кейін ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы пышақ жарақатынан болған өліммен аяқталған.

"Сотқа дейінгі тергеу сатысында сотталушы кінәсін толық мойындап, полицияға өзі жүгінген. Алайда сотта ол танысын өлтіргісі келмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жәбірленуші алдымен оған пышақпен тап берген, арпалыс кезінде ол абайсызда өлімге әкеп соққан жарақат салған. Осыдан кейін қылмыс ізін жасырмақ болып, мәйітті сөмкеге салған, ал дене шіри бастағанда оны қоқыс алаңына шығарып тастаған", - деді Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жәнібек Сейтжапаров үкімді түсіндіру кезінде.

Қоқыстан табылған мәйіт: Ақтөбедегі сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Еске сала кетейік, бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Ер адамның денесі салынған сөмке табылғанға дейін қоқыс алаңында бірнеше күн жатқан. Бұл сұмдық жайт Ақтөбе тұрғындарын шошытып, кейінгі айлардағы ең көп талқыланған қылмыстық оқиғалардың біріне айналды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus