Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа схема туралы ескертілді

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға Telegram-дағы жаңа алаяқтық схемасы туралы ескерту жасады. Қаскөйлер өздерін мемлекеттік органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары ретінде таныстырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, алаяқтар нақты басшылардың фотосуреттері, есімдері және басқа да деректері пайдаланылған аккаунттар ашады. Содан кейін олар ұйым қызметкерлеріне хабарласып, директордың, бастықтың немесе басқа да лауазымды тұлғаның атынан шұғыл қаржылық операцияны орындауды талап етеді.
Қаскөйлер көрсетілген шотқа ақша аударуды, тауарлар немесе қызметтер үшін ақы төлеуді немесе басқа да шұғыл тапсырманы орындауды сұрауы мүмкін. Мұндай хабарламалар көбінесе бухгалтерлерге, қаржы мамандарына және ұйымның ақшалай қаражатына қолжетімділігі бар басқа да қызметкерлерге жіберіледі.
Егер сізге осындай хабарлама келсе:

ақша аудармаңыз және қаржылық операцияларды орындамаңыз;
міндетті түрде басшыға телефон арқылы немесе жеке жолығып хабарласыңыз;
телефон нөмірін, жіберушінің аккаунтын және хабарламаның мазмұнын мұқият тексеріңіз;
кішкене күмән туындаған жағдайда хат алмасуды тоқтатып, болған жайт туралы басшылыққа және жауапты қызметкерлерге хабарлаңыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Telegram аккаунттарын бұзудың жаңа схемасы туралы ескертті. Қадағалау органы өз аккаунтыңызды қалай қорғауға болатынын және алаяқтардың құрығына түспеу жолдарын айтып берді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus