Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 4 мыңнан асты

Венесуэлада екі апта бұрын болған жойқын қос жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мың адамнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі La Nación-ға сілтеме жасап.
Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригестің есебіне сәйкес, жер асты дүмпулері салдарынан 4118 адам қаза тауып, тағы 16 740 адам жараланған. Бір күн бұрын кем дегенде 3889 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

???? #ÚltimaHora | Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес осы 10 шілдеде 24 маусымда болған жер сілкінісіне қатысты ресми есепті жариялады, онда қаза тапқандар саны 4 118 адамға дейін өсті, ал жараланғандар саны 16 740 деңгейінде қалып отыр… pic.twitter.com/ohIRfbfzxd
— Globovisión (@globovision) 10 шілде, 2026 жыл
Маусымның аяғында магнитудасы 7,2 және 7,5 болған екі қуатты жер сілкінісінен Каракас маңында орналасқан жағалаудағы Ла-Гуайра штаты ерекше қатты зардап шекті. Апат ошағы болып саналатын Ла-Гуайрада зардап шеккендер стадиондарға, спорт алаңдарына, алаңдарға, тіпті тротуарларға орналастырылды. Еріктілер оларға медициналық көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр.
Ресми деректерге сәйкес, зілзала салдарынан 17 907 адам баспанасыз қалды. 800-ден астам ғимарат зақымданып, оның 190-ы толығымен қираған.
Жұмада Каракаста магнитудасы 3 болатын жаңа жер сілкінісі тіркелді. Ел астанасының шығысындағы Эль-Росаль қаржы ауданында ондаған адам көпқабатты ғимараттардан эвакуацияланды.

⚫ #EnNoticia | Осы жұма күні таңертең Маракайдың солтүстігінде болған магнитудасы 3,0 жер сілкінісінен кейін Каракас митрополиттік аймағындағы Чакао муниципалитетінің көшелерінде алдын алу мақсатында эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. pic.twitter.com/Dd3I7Z4KNi
— Globovisión (@globovision) 10 шілде, 2026 жыл

"Дүмпулер қатты болды, барлығын эвакуациялады, - деді ғимараттардың бірінің пайдалану қызметінің қызметкері. - Бәріміз қорқып қалдық, өйткені қазір үнемі жаңа жер сілкінісін күтумен жүреміз. 24 маусымда болған жағдайдан кейін әрбір адам үрей үстінде".


Осы #10Jul болған қатты сілкініс каракастықтардың зәресін алдыhttps://t.co/Aqpe5qDwIg
— El Pitazo (@ElPitazoTV) 10 шілде, 2026 жыл
Президент міндетін атқарушы Дельси Родригес осы аптада шетелдегі венесуэлалық активтерді бұғаттан шығаруға шақырды, ал БҰҰ елді қалпына келтіруге көмектесу үшін 300 миллион долларға жуық қаражат жинауға тырысып жатыр.
БҰҰ-ның бағалауынша, 50 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болуы мүмкін. Бұл жер сілкінісі Латын Америкасы тарихындағы ең жойқын апаттардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, билік өкілдері хабар-ошарсыз кеткендердің ресми санын жариялаған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus