Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында агроөнеркәсіптік кластер жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде егіс алқаптарын аралады. Әкім техникалық қарасора, жүгері және соя өсіру, оларды қайта өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кластер жобасының қазіргі жай-күйімен танысты.

Жобаға Қаракеткен ауылдық округінен 22,5 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Оның 5 мың гектарына жүгері, 2 мың гектарына мақсары егілген, 142 жаңбырлатып суару қондырғысы жұмыс істейді. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін жылына 60 мың тоннаға дейін техникалық қарасора, 70 мың тонна жүгері және 20 мың тонна соя өңдеу жоспарланып отыр. Өндірілген өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де экспортталады.

Қазір 26,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 100 тұрақты жұмыс орны құрылған. Егіске және өндірістік жұмыстарға 50 техника жұмылдырылды.
Жер көлемін, су пайдалану лимитін ұлғайту, жаңбырлатып суару жүйесін енгізу, электр желісін тарту және жоба-сметалық құжаттарды әзірлеу қолға алынған.

Айта кетейік, биыл өңірде жалпы 185,8 мың гектарға егін, оның ішінде дәнді дақылдар 89,7 мың гектарға, майлы дақылдар 6,1 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектарға егілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылмен салыстырғанда күріш көлемі 10,9 мың гектарға қысқартылды. Биыл 70 мың гектарға күріш егіліп, суға бастырылды.
Оның 31,3 мың гектары үстеп қоректендіріліп, 53,3 мың гектары арамшөптерге қарсы өңделді. Қазір 19,8 мың гектары түптену, 46,2 мың гектары түтікке шығу, ал 4 мың гектары масақтану кезеңіне өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus