Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балалар жазғы лагерьдің жай-күйін видеоға түсіріп алған: жалға алушы қалай жазаланды?

Жақында әлеуметтік желіде Қостанай облысындағы жекеменшік балалар лагерінен видео тарап, онда демалушылар санитарлық талаптар сақталмағанына шағымданған болатын. Іс сотқа дейін жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот нені анықтады?
Қостанай ауданаралық соты жеке кәсіпкер Р.-ға қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органының заңды нұсқамасын белгіленген мерзімде орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі бойынша әкімшілік істі қарады. Бұған ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделген.
Сот Р. лагерьде демалыс ұйымдастырғанын анықтады. Жоспардан тыс тексеру демалып жатқан балалардың ата-аналары мен қызметке тапсырыс берушінің балалар демалысын ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны туралы өтініштері негізінде жүргізілген.

"Мемлекеттік бақылау нәтижесінде Алтынсарин ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2026 жылғы 19 маусымда анықталған бұзушылықтарды жою туралы жедел ден қою шараларын қолдану жөнінде қаулылар шығарған. 2026 жылғы 2 шілдеде жүргізілген тексеру барысында анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі белгіленген мерзімде жойылмағаны белгілі болып, бұл кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болды", - деп хабарлады сот.

"Кінәсін мойындады"
Сот отырысында Р. кінәсін мойындады. Ол олқылықтардың жойылмауын субъективті себептермен түсіндірді.
Алайда сот құқық бұзушылықтың сипаты мен балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, аталған мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар ретінде тануға болмайды деген қорытындыға келді.

"Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Р. әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 432 500 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар балалар лагерінде демалыс ұйымдастыру қызметі үш ай мерзімге тоқтатылды", - деп хабарлады сот.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Лагерьден түсірілген видео
Шілденің басында желіде видео тараған еді. Қостанай облысындағы жазғы лагерьлер біріндегі тәрбиеленушілердің айтуынша, онда антисанитарлық жағдай бейнеленген.
Кадрлардан ұзақ уақыт тазартылмаған ортақ әжетхананы көруге болады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қостанай (@ilovekostanayy) жарияланымы


Қостанай облысының білім басқармасы лагерь балалар демалысын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін жекеменшік ұйым екенін хабарлады. Олардың мәліметінше, нысан жалға алынған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus