Жамбыл облысында жер сілкінісі болды
Жамбыл облысында 10 шілдеге қараған түні жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел деректеріне сәйкес, жерасты дүмпулері 10 шілдеде Астана уақытымен сағат 00:59-да тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Тараздан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5-ті құрады. Жер асты дүмпуінің сезілуі мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, 4 шілдеде Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді. Қазақстандық сейсмологтардың ақпаратынша, жерасты дүмпулерінің есептік қарқындылығы 2 балл болды.