Астана тұрғыны танысының көлігін екі рет өртеген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі 1-тармағына (Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған бөтеннің мүлкін қасақана жою) сәйкес елорда тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.