Астаналықтар жергілікті полицияға көмектесуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын елордада құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарамайтын азаматтар саны артып келеді. Мұндай белсенді азаматтық позиция полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі және ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізеді. Осылайша, азаматтық қоғамның полицияға деген сенімі артады, деп хабарлады astana.gov.kz.