Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ғалымдар Күн белсенділігі артқанын айтты: метеосезімтал жандар нені ескеруі керек?

Күнде бір тәулікте тіркелген жарылыстар саны кейінгі екі жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыш зерттеулері институты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Life.
Өткен демалыс күндері Күн белсенділігі күрт артып, 2025–2026 жылдардағы бір тәуліктегі жарылыс саны бойынша жаңа рекорд тіркелді. 5 шілде, жексенбіде С санатындағы және одан жоғары деңгейдегі 24-26 жарылыс болған. Бұл – кейінгі екі жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

"Жалпы алғанда, Күндегі қазіргі құбылыстар дәл қазір тек ғылыми тұрғыдан қызық. Ірі дақтар тобы батысқа толық ығысып, ертең Күннің арғы бетіне, көкжиектен әрі асып кетеді. Мұндай орналасудан олар Жерге ешқандай жағдайда әсер ете алмайды. Тек ғажайыпқа бір-екі пайыз қалдырайық. Кейінгі апта бойы ондаған есе жоғары болған Күннен келетін рентген сәулесінің ағыны бүгіннен бастап төмендей бастайды. Егер жұлдызда жаңа белсенді ошақтар қалыптаспаса, аптаның ортасына қарай ол қайтадан белгісіз уақытқа "ұйқыға кетеді". Дегенмен белсенді орталықтардың қоштасар алдында тағы бір-екі әдемі жарылыс жасауға уақыты бар", – делінген жарияланымда.

Астрономдардың есептеуінше, Күннің арғы бетіне кетіп бара жатқан дақтар топтары жұлдыз өз осін жартылай айналып шыққаннан кейін, яғни шілденің 20-сы шамасында қарама-қарсы жақтан Жерге қайта оралуға тиіс.
Анықтама: Күн дақтары – Күн бетінде пайда болатын күңгірт әрі салыстырмалы түрде салқын аймақтар. Мұндай жерлерде магнит өрісі өте күшті болады. Күн дақтары қауіпті емес. Бірақ олар көбіне Күн жарылыстары мен плазманың ғарышқа атқылауымен байланысты. Осындай атқылаулар Жерге жеткен кезде магнит дауылдарын тудыруы мүмкін. Яғни бұл кезде планетамыздың магнит өрісі бұзылады. Күшті магнит дауылдары кезінде кей адамдар бас ауруына, шаршауға, ұйқышылдыққа, қан қысымының құбылуына немесе жалпы денсаулығының нашарлауына шағымданады. Ғалымдар магнит дауылдарының адам денсаулығына тікелей қаншалықты әсер ететіні жөнінде әлі де ортақ пікірге келген жоқ. Дегенмен ауа райына сезімтал адамдар мұндай күндері жағдайы нашарлайтынын жиі айтады.
Ғарыштық зерттеулер институты сенбіде байқалған және биылғы күші бойынша екінші орынды иеленген магниттік дауыл аяқталғанын айтты. Геомагниттік индекстер мен күн желінің параметрлері қалыпқа келді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus