Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жанармайды елден заңсыз шығармақ болғандар көбейген

Премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстаннан мұнай өнімдерінің заңсыз ағынын болдырмау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жанар-жағармай нарығындағы жағдай тұрақты. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бензин, дизель отыны және авиаотын қоры ішкі сұранысты толық өтеуге жеткілікті. Энергетика министрлігі жанармай өндірісі мен жеткізілімі тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің мәліметінше, жыл басынан бері автомобиль өткізу пункттерінде жалпы көлемі 40 мың литрден асатын 593 мұнай өнімдерін әкету әрекеті тоқтатылған. Жалпы, Мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу жөніндегі жол картасы шеңберінде шекара маңы аймақтарында күшейтілген бақылау жүзеге асырылып жатыр. Тереңдетілген тексеру іс-шараларын жедел жүргізу үшін қызметкерлер штаты ұлғайтылды.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, мобильді топтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Кейінгі екі тәулікте өткізу бекеттерінде жалпы көлемі үш тоннадан асатын отынды алып шығудың 61 әрекеті тоқтатылған. Жанармай қосымша бактар мен канистрлерге құйылып тасымалданған. Бұдан бөлек, жанар-жағармай тасымалдайтын 18 арнайы көлік тексерілген. 34 тонна көлеміндегі бір жүк бойынша сараптама жүргізу үшін сынама алынған.

Қазір мемлекеттік кірістер органдары қызмет көлемі күрт өскені байқалған 62 жанармай құю бекеті мен 22 шағын мұнай өңдеу зауытының жұмысын талдап жатыр. Бұл нысандар бойынша қосымша тексерулер жүргізіледі.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өнімдерінің ішкі нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету Үкіметтің басым міндеті екенін атап өтті. Мемлекеттік органдарға жағдайды күнделікті бақылауда ұстау тапсырылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus