Аргентина овертаймда Кабо-Вердені жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Командалар Майамидегі (АҚШ) "Хард Рок" стадионында ойнады. Кездесуге канадалық Дрю Фишер бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті. Аргентиналықтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.29-минутта шабуылшы Лионель Месси қорғаушы Лисандро Мартинестің пасынан кейін Аргентина құрамасын алға шығарды. 59-минутта Кабо-Верде жартылай қорғаушысы Дерой Дуарте есепті теңестірді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Selección Argentina (@afaseleccion) жазбасынан
93-минутта Лисандро Мартинес бұрыштама добынан кейін Аргентинаны алға шығарды. 103-минутта Кабо-Верде қорғаушысы Сидни Лопеш Кабрал есепті қайтадан теңестірді. 111-минутта қорғаушы Кристиан Ромеро форвард Лионель Мессидің бұрыштамадан асырған добынан кейін баспен гол соқты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FIFA World Cup (@fifaworldcup) жариялаған жазба
Турнирдің келесі кезеңінде жарыстың қазіргі жеңімпаздары Мысырмен кездеседі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Selección Argentina (@afaseleccion) жазбасынан
Аргентина плей-оффқа J тобында бірінші орынмен шықты, ал Кабо-Верде құрамасы Н квартетінде екінші орын иеленіп, 1/16 финалға жолдама алды.
Бірнеше сағат бұрын Мысыр құрамасы чемпионаттың 1/16 финал матчінде Аустралия командасын жеңді. Пенальти сериясындағы есеп – 2:4 мысырлықтардың пайдасына. Осылайша, олар 1/8 финалға шықты, онда Аргентина — Кабо-Верде жұбының жеңімпазымен кездеседі.