Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда мас күйде көлік айдаған 1300-ден аса жүргізуші куәлігінен айырылды

Тұрақты түрде жүргізілетін тексеріс пен қатаң жазаға қарамастан, Алматыда көлікті мас күйінде жүргізу деректері күн сайын тіркеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері қалада көлікті мас күйде жүргізудің 1 319 дерегі анықталды. Барлық құқықбұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.

Полиция өкілдері тоқтатылған әрбір мас жүргізуші - бұл ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін жол апаттарының алдын алу екенін баса айтады.

Мұндай құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Полицейлер қала көшелерінде ішімдік ішіп рульге отыратын жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд мен тексерісті жалғастырып жатыр.

Алматыда қанша жол апаты болды?

Еске салсақ, жыл басынан бері Алматы жолдарында 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 452 адам жарақат алып, тағы 73 адам қаза тапты.

Ең көп жол апаты Алмалы ауданында болған — 501 жағдай.

Екінші орында 473 жол апаты тіркелген Алатау ауданы тұр.

"Антилидерлер" үштігін 456 жол-көлік оқиғасы тіркелген Бостандық ауданы түйіндейді.

Бұған дейін тұрақта дрифт жасаған алматылық көлігінен айырылғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Алматы мен Астанада жол апаты неге көбейіп барады: сарапшы пікір білдірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus