Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Су тротуарға дейін көтерілген: Алматыдағы толассыз жауған жаңбырдан кейін Сайранда не болып жатыр?

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан кейін Сайран көліндегі су деңгейі күрт көтерілді. Қала тұрғындары судың кей жерлерде тротуарға дейін жеткенін, ал көлдегі көпір келушілер үшін жабылғанын хабарлап жатыр. Алматы әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қоқыс үйіріліп жүр"
Алматылықтар әлеуметтік желілерде нөсер жаңбырдан кейін су деңгейі айтарлықтай көтерілген Сайран көлінің фотолары мен видеоларын жариялап жатыр.
Жазба авторларының бірінің айтуынша, су тротуар деңгейіне дейін көтеріліп, бетінде қоқыс үйіріліп жүр.

"Көлде баяу иірім секілді үйіріліп жатқан қоқыс өте көп. Көпір "сенімсіз" жабылған. Жағалаудың бірінде тас төсеп, жағаны бекітіп жатыр, ол жерде су тротуармен деңгейлес болып қалған. Тастар жағдайды қалай құтқаратынын кім түсіндіріп бере алады? Мен мұны түсінбеймін", – деп бөлісті жазба авторы.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында" - әкімдік не дейді?
Алматы әкімдігі толассыз жауған жаңбырдан кейін Үлкен Алматы өзені арнасы арқылы Сайран көліне келетін су ағыны айтарлықтай артқанын хабарлады.
Су ағыны көлге ағаш бұталары мен тұрмыстық қоқыстарды ағызып әкелген. Әкімдік "Жасыл Алматы" қызметкерлері көл айдынын тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Көл үстіндегі көпірге уақытша кіру шектелді. Бұл алдын алу мақсатында қабылданған шара. Шектеу гидрологиялық жағдай тұрақтанып, су деңгейі төмендеп, көпірдің техникалық жағдайы тексерілгенге дейін сақталады", – деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ қала әкімшілігі тұрғындарды алаңдатқан жағалаудағы тастарға қатысты жағдайды түсіндірді.

"Жағалау сызығының бір учаскесінде қолданыстағы жағалауды нығайту құрылымын күшейту және жағалаудың шайылып кетуіне жол бермеу мақсатында габиондық конструкциялардың тас толтырғыштарын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр".

Еске салайық, 1 шілдеде Алматы тұрғындарына нөсер жаңбырға байланысты таулы аймақтарда сел жүру қаупі сақталатыны ескертілген болатын. Наурызбай ауданында құлақтандыру жүйесі іске қосылып, кейбір қала тұрғындарының ұялы телефондарына шұғыл хабарламалар келді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus