Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шекара маңындағы жанармай құю бекеттеріндегі арзан бензин туралы видеоға әкімдік пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның шекара маңындағы жанармай бекеттерінен түсірілген видеолар қызу талқыланып жатыр. Ролик авторларының айтуынша, мұнда жанармайды айтарлықтай арзан бағаға құюға болады. Ақтөбе облысының билігі мұндай жоғары сұраныс отын қорына қалай әсер еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Ресей тұрғындарының Қазақстандағы жанармай бекеттеріндегі бағаны көрсетіп, арзан бензин үшін еліміздің шекаралас аймақтарына келетінін айтқан бейнежазбалары пайда болды. Осындай жарияланымдарға байланысты Ақтөбе облысының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

НОВОСТИ АКТОБЕ | INFO AQTOBE (@info_aqtobe) жарияланымынан




"Қазір біз Қазақстандағы алғашқы жанармай бекетіндеміз. Бағаны теңгемен көрсетейін. 95-бензин шамамен 55 рубльден шығады. Осы жердегі бекетте ақша айырбастауға да болады", - дейді роликтер бірінің авторы.

Бейнежазбаның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз. Дегенмен кадрларда Ақтөбе облысында бар желілік жанармай бекеті бейнеленген. Сонымен қатар өңір Ресеймен шекаралас болғандықтан, жергілікті билік жағдайға қатысты пікір білдірді.
Әкімдік мәліметінше, Ақтөбе облысында 146 жанармай құю бекеті жұмыс істейді, оның 93-і желілік бекет. Шекара маңындағы аудандарда 13 жанармай бекеті бар.
Әкімдік жанар-жағармай материалдарын сату штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

"Бүгінде сату көлемі тұрақты деңгейде сақталып отыр. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды, жанармай бекеттерін қамтамасыз етуде іркіліс тіркелген жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда", - деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.

Сондай-ақ шенеуніктер жанармайға деген шектен тыс сұранысты болдырмау мақсатында жанармай бекеттері иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанның Энергетика министрлігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, елде жанар-жағармай тапшылығының туындау қаупі жоқ екенін атап өткен болатын. Сондай-ақ ведомство 2026 жылдың 21 қарашасына дейін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша тыйым салуды қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шаралары күшінде қалатынын еске салды.

"Ішкі нарықта жазғы және туристік маусым кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерінің жеткілікті қоры қалыптасқан. Резервтердің жиынтық көлемі 1,1 миллион тоннадан асады, оның ішінде АИ-92 және АИ-95 маркалы бензиндері, сондай-ақ дизель отыны бар. Бұл қор тұрақты сипатқа ие және мұнай өңдеу зауыттарының ағымдағы өндірісі есебінен жүйелі түрде толықтырылып отырады", - деп хабарлаған болатын Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 20 маусымнан бастап Қазақстанда өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді, оған ҰҚК, ІІМ, Мемлекеттік кірістер комитеті және Қаржылық мониторинг агенттігінің бөлімшелері жұмылдырылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus