Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Заңды ЖШС ретінде алтын өндірген: полиция ШҚО-дағы схеманың жолын кесті

Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полиция құрамында алтыны бар шикізатты заңсыз өндірумен және өңдеумен айналысқан топтың қызметіне тосқауыл қойды. ІІМ мәліметінше, қаскөйлер бір ЖШС-нің заңды қызметін бүркемелеп әрекет еткен.
Жедел іс-шаралар барысында 63 адам ұсталды, олардың арасында схеманың болжамды ұйымдастырушылары мен жетекшілері бар.

Ұсталғандар арасында өңір аумағында заңсыз жұмыс істеп келген 13 шетел азаматы да бар.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, тінту кезінде полицейлер бірнеше автокөлік пен арнайы техниканы, ірі көлемде ақшалай қаражатты (оның ішінде 40 мың АҚШ долларынан астам), құрамында алтыны бар шикізатты, алтынды, сондай-ақ құжаттар мен басқа да заттай айғақтарды тәркіледі.



Алдын ала мәліметтер бойынша, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірген.

Салдарынан топырақ қабаты мен табиғи ландшафт бұзылып, жер учаскелеріне зақым келген. Экологиялық залалдың көлемін қазіргі уақытта тағайындалған сараптамалар аясында мамандар анықтап жатыр.

Бағалы металдардың заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтіруге қатысты басқа да ықтимал қылмыстар тексеріліп жатыр Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті құқықтық сараптама жасалады.
ІІМ баспасөз қызметінің фотосы

"Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға, құқыққа қайшы схеманың өзге де қатысушыларын әшкерелеуге, сондай-ақ барлық қатысы бар адамды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартуға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.



Пакеттегі алтын мен күштік құрылым қызметкерлері - ҚМА ауқымды арнайы операцияның видеосын көрсетті
Бұған дейін Абай облысы Жарма ауданы аумағында бағалы металдарды өндіру бойынша заңсыз қызметтің жолы кесілгені хабарланған. ҚМА ауқымды арнайы операцияның видеосын жариялады. Заңсыз әрекет барысында топырақ қабаты, соның ішінде құнарлы қабат жаппай бүлінген. Алтын түстес металл, жуу жабдықтары, арнайы техника мен автокөліктер тәркіленді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus