Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Тамыр-таныстық пен сыбайластық“ - Оңтүстік Корея президенті құраманың ӘЧ-ден шығып қалуы туралы

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мен ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін Спорт министрлігінің жұмысын тексеруге шақырды, деп хабарлайды Tengri Sport мемлекет басшысының әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея басшысының айтуынша, ведомствода "тамыр-таныстық пен сыбайластық" белең алған, бұл құраманың АҚШ, Мексика және Канададағы өнеріне кері әсерін тигізген.

"Кәсіби футбол клубының бұрынғы құрметті менеджері және "Ред Девилдің" шын мәніндегі жанкүйері ретінде мен мұндай күтпеген нәтижеге таңғалып қана қоймай, қатты абыржудамын. Түптеп келгенде, бұл кадр мәселесінің бәрінен маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Басшыларды таңдау кезінде кәсіби біліктіліктен гөрі тамыр-таныстық пен сыбайластыққа жол берілсе, нәтиженің қандай болары алдын ала белгілі.Мемлекеттік және жеке сектор арасындағы айырмашылық ескерілмейтін, жеке мүдде қоғам мүддесінен жоғары қойылатын мұндай жүйесіз тағайындаулардың орын алуы – кадрлық шешім қабылдайтын тұлғаларды бақылау, тексеру және жауапкершілікке тарту тетіктерінің әлсіздігінен немесе жоқтығынан", - деп жазды ол X желісінде.

Ли Чжэ Мен болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді табуға шақырды.

"Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі сәтсіздік халықтың көңілін қалдырды, бұл – ұйымдастырушылық және кадрлық қателіктердің салдары. Әлем чемпионатына қатысудың өзіне салық төлеушілердің қомақты қаражаты мен мемлекеттік қолдау ресурстары жұмсалатынын ескере отырып, Мәдениет, спорт және туризм министрлігінен осы оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, себептерін талдауды және мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін тиісті шаралар әзірлеуді сұраймын", - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Корея құрамасы турнирді Чехияны 2:1 есебімен жеңуден бастаған болатын, бірақ кейін Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамаларынан минималды есеппен екі рет жеңіліп қалды.
Айта кетерлігі, 2026 жылғы әлем чемпионатына Азиядан барлығы 8 команда қатысты, бірақ олардың ішінен тек екеуі ғана – Жапония мен Австралия 1/16 финалға шыға алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

대한민국 축구국가대표팀 (@thekfa) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus