Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тегеран АҚШ-тың соққыларына қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ-тың Иранға жасаған соққылары Исламабад меморандумының барлық майданда ұрысты тоқтату туралы бірінші тармағын, сондай-ақ БҰҰ Жарғысын бұзады. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

"АҚШ өз міндеттемелеріне ешқандай мән бермейді. Келісімдерді бұзу — олардың болмысына тән әрекет", - делінген Fars Fars агенттігі келтірген мәлімдемеде.

Ведомствоның мәліметінше, АҚШ-тың соққылары БҰҰ Жарғысының 2-бабы 4-тармағын бұзады. Онда ұйымға мүше елдердің халықаралық қатынастарда кез келген мемлекеттің аумақтық тұтастығына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолданудан, сондай-ақ күш қолданамын деп қоқан-лоқы жасаудан бас тартуы керегі жазылған.
Иран Сыртқы істер министрлігі Тегеран БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес ұлттық егемендігі мен аумақ тұтастығын қорғауға дайын екенін тағы да растады.
28 маусымға қараған түні АҚШ Иран аумағына бірнеше соққы жасады. АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының мәлімдеуінше, бұл шабуыл Ормуз бұғазындағы сауда кемесінің кезекті рет атқылануына жауап ретінде жасалған.
Бұған дейін, 27 маусымға қараған түні де АҚШ Иран аумағына бірнеше соққы жасаған еді. Вашингтон бұл әрекетін Ормуз бұғазындағы сауда кемесіне қарсы Иран агрессиясына жауап деп түсіндірді.
АҚШ президенті Дональд Трамп алғашқы шабуылдан бірнеше сағат бұрын Иранды атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Оның айтуынша, Иран төрт дрон ұшырған, оның үшеуін әскерилер атып түсірген.
Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ шабуылына қатысты пікір білдіріп, бұл елдің "сенім мен келісімдерді бұзу болмысына тән" екенін мәлімдеді. АҚШ соққысынан кейін корпус Кувейт пен Бахрейндегі америкалық нысандарға зымырандар мен дрондар арқылы бірлескен операция бастағанын хабарлады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus