Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

Алматы тұрғыны шетелде көз түсін өзгертуге арналған ота жасатқаннан кейін жанарынан айырылып қала жаздады. Процедура ауыр асқынуларға әкеліп соққан. Пациенттің бір көзі мүлдем көрмей қалса, екіншісі тек жарықты ғана ажыратқан, - деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Сұлулыққа ұмтылыс мүгедектікке әкелді
Алматылық көз түсін өзгерту үшін шетелдік емханаға жүгінген. Алайда отадан кейінгі асқынулар салдарынан ол көру қабілетінен толықтай дерлік айырылды. Оған глаукома және мөлдір қабықтың бұлдырауы диагнозы қойылды. Осының салдарынан емделушіге бірінші топтағы мүгедектік берілген.
Анықтама: Глаукома - бұл көру жүйкесі зақымдалатын көздің созылмалы ауруы. Емделмеген жағдайда ол көру қабілетінің қайтымсыз жоғалуына, тіпті соқырлыққа әкелуі мүмкін.
Оның айтуынша, көптеген дәрігер бұл жағдайға араласуға қорыққан. Күрделі жағдайды Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының офтальмолог дәрігері Гүлзат Әбдірайымова өз мойнына алды.

"Оның күрделі операцияларды жасайтынын естіген соң, дәл осы дәрігерге жүгінуді жөн көрдім".

Дәрігерлердің айтуынша, жағдайды көз ішіндегі қысымның өте жоғары болуы қиындатқан. Ота кезінде көру қабілетін біржола жоғалтуға әкеп соғатын экспульсивті қан кету түріндегі ауыр асқыну қаупі болды.
Дәрігерлер тәуекелге бел буды
Жоғары қауіпке қарамастан, мамандар жарықты сезу қабілеті сақталған көз үшін күресуге шешім қабылдады.
Науқасқа кешенді ота жасалды. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған күрделі аралас операция барысында көзішілік қысымды төмендетуге бағытталған антиглаукомалық операция және мөлдір қабықты трансплантаттау жүргізілді.
Нәтижесінде дәрігерлер көз ішіндегі қысымды төмендетіп, отаға дейін тек жарықты ғана ажырата алған көздің көру функцияларын қалпына келтірді.
Хирургиялық араласудан кейін науқастың көзі көре бастады. Бүгінде әйел бақылаудан өтіп, оңалту шараларын жалғастырып жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, мөлдір қабықты трансплантаттау – офтальмологиядағы ең күрделі операциялардың бірі. Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында мұндай жоғары технологиялық операциялар донорлық бағдарлама шеңберінде жүргізіледі. Жыл басынан бері мамандар 12 мөлдір қабықты трансплантаттау жасап, көптеген пациентке көру қабілетін сақтап қалуға және қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus