Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Салық кодексіне тағы өзгерістер енгізіледі: вице-министр мерзімін атады

Салық кодексіне түзетулер биылдың өзінде енгізілуі мүмкін -оларды жаңа Парламент – Құрылтай қарайды. Бұл туралы журналистерге ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта үкімет жанындағы жобалық кеңсе талқылап жатқан түзетулер тамызда таныстырылады. Сол уақытта Қазақстанда Құрылтайға – жаңа бір палаталы Парламентке сайлау өтеді.

"Қазір заң шығару жұмыстары жүріп жатыр. Жобалық кеңседе 86-ға жуық мәселе қаралды. Көптеген өзгеріс болатыны сөзсіз, бірақ мен бір ғана мысал келтірейін. Бізде 1, 2 және 3-топ мүгедектіктегі жандар бар. Олардың салық шегерімдері әртүрлі. Мұнда мынадай мәселе туындайды: егер жыл ішінде бірінші немесе екінші топтағы адам үшінші топқа ауысса немесе керісінше, үшінші топтан ауысса, қай шегерімді қолдану керек? Көбін бе, әлде азын ба? Біз мұны ретроспективті түрде түзеткіміз келеді. Мысалы, егер жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерсе, шешім адамның пайдасына қарай қабылданады. Айталық, егер 5000 (салық шегерімі - ред. еск.) болса, жыл соңына дейін осы 5000 сақталады. Яғни, шегерім көбірек болады және адамда бұл жеңілдік сақталып қалады", - деді Азамат Әмрин Сенат кулуарында.

Журналистер барлық қазақстандыққа қатысты қандай өзгерістер жоспарланғанын нақтылады.

"Бәлкім, ҚҚС мөлшері қайтадан өзгеретін шығар?" - деп сұрады Әмриннен.

Вице-министр ҚҚС бұрынғы деңгейде 16 пайыз болып қалатынын айтты. Оның сөзінше, басқа түзетулер туралы айту әлі ерте.

"Тамызда біз бұл жұмысты аяқтаймыз және қыркүйекте Құрылтайға "кіреміз", - деп толықтырды Әмрин.

Мән-жайы
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл күшіне енген жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілетінін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін қабылдануы мүмкін.
Еске сала кетейік, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырып, бұл "қасиетті жазу" емес екенін және оған өзгерістер енгізуге болатынын атап өткен еді.
Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов Серік Жұманғаринге халық пен бизнестен Салық кодексі бойынша түскен ұсыныстарды жинақтап, талдауды тапсырды.
Кейін Серік Жұманғарин Қазақстанда жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін екенін растаған болатын.
Тағы оқыңыз: 1 шілдеде Салық кодексінде теңге атауы “өзгертіледі“

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus