Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының тарихи алтынын жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында тарихта алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Элеонора Ибрагимова, Мария Горун және Милана Папчихинадан құралған Қазақстан командасы 337 ұпай жинап, қыздар арасындағы "Трап" жаттығуында барлық қарсыласын басып озды.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, бұл алтын Қазақстанның стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңісі.

Биылғы турнирге әлемнің 63 елінен 778 спортшы қатысып жатыр, оның 13-і Қазақстан намысын қорғайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

KZ National Sport Shooting Federation (@kazshooting) жарияланымы


19 жастағы қазақстандық спортшы ел қоржынына тағы бір алтын салдыДәл осы турнирде еліміздің тағы бір өкілі алтын иеленді. 19 жастағы астаналық Асылым Жақия 25 метр қашықтыққа тапаншадан атудан әлем чемпионы атанды.
Асылым 554 ұпай жинап, алтын үшін күресте барлық қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, Зульдегі жарыс 26 маусымға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы қоржынында 2 алтын және 2 күміс бар.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

KZ National Sport Shooting Federation (@kazshooting) жарияланымы


Қазақстанда нысана көздеуден олимпиадалық медаль бар
Еске сала кетейік, Парижде өткен кейінгі жазғы Олимпиадада Ислам Сәтпаев пен Александра Ле 10 метрге пневматикалық мылтықтан атудан аралас командалық сында Қазақстанға медаль сыйлаған болатын.
SauBall-ға берген сұхбатында осы команда мүшесі Ойындардан кейін өмірі қалай өзгергені туралы айтып берді.

Бұған дейін семсерлесуден Қазақстан құрамасы финалда Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азия чемпионатын ұтқан болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus