Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпиондарын жеңіп, Азия чемпионатын ұтты

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден Азия чемпионатында жеңіске жетті. Нью-Делиде (Үндістан) өткен турнир финалында қазақстандықтар Жапониядан қазіргі Олимпиада чемпиондарын тізе бүктірді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Финалдық жекпе-жектерде Қазақстан шпагашылары Жапония командасын 45:40 есебімен жеңіп, кейінгі жылдардағы ірі турнирлердегі жеңілістер сериясы үшін реванш алды.
Азия чемпионатындағы жеңіс жолында Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған Қазақстан құрамасы Иран, Өзбекстан және Оңтүстік Корея спортшыларынан басым түсті.
Жапония құрамасы сапында финалдық бәсекеге екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Кано да шықты. Шешуші айқаста ол қазақстандық жас спортшы Кирилл Проходовтан 9:5 есебімен жеңіліп қалды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым


"Бұл менің жаныма батады": Қазақстан құрамасының көшбасшысы жапондар туралы
Еске сала кетейік, Жапония құрамасы өткен Азия чемпионаты мен Азия ойындары финалында Қазақстаннан басым түскен болатын.
Сонымен қатар Коки Кано қазақстандық Руслан Құрбановты Олимпиада медалінен айырса, кейін біздің құрама Грузияда өткен Әлем чемпионатының жартылай финалында жапондарға жол беріп, нәтижесінде тарихи қола жүлдені иеленген еді.

"Шынымды айтсам, бұл менің жаныма батады. Оған Олимпиада ойындарында, Әлем кубогінде, Азияда да есе жібердім. Бұл жігіт шығып, бір кездесудің тағдырын шешті. Біз жапондармен жақсы өнер көрсеттік, барлық жерде артықшылық болып, жеңіске жетіп жаттық, бірақ бір жігіт бәрін өзгертіп жіберді", - деді Құрбанов Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Былтыр қазаннан бастап Жапония құрамасының көпжылдық жаттықтырушысы Александр Горбачук Қазақстан құрамасымен жұмыс істей бастады, енді бұл өз жемісін беріп жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus