Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ингушетияда 8 жасар батыр Хизир Дербичевтің денесі табылды

Ингушетияда Сунжа өзеніндегі оқиғадан кейін бірнеше күн бойы іздестірілген 8 жасар Хизир Дербичевті іздеу жұмыстары аяқталды. Баланың денесі іздестіру-құтқару операциясының сегізінші тәулігінде табылды, деп хабарлайды Tengri Life.
Республика үкіметінің мәліметінше, Хизирдің денесі 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 16:50-де табылды. Бұдан кейін ТЖМ іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталғанын ресми түрде жариялады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қайғылы оқиға 15 маусымда болған. БАҚ мәліметінше, Хизир Сунжа өзені жағасында екі досымен бірге болған. Балалардың бірі Адам суға құлап кетіп, бұтақ немесе ағаш тамырына жабысып үлгерген. Хизир оған көмекке ұмтылған, бірақ ағысқа төтеп бере алмай, суға ағып кеткен. Үшінші бала ересектерді көмекке шақыруға жүгіріп, Адамды құтқарып қалу мүмкін болды.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Хизирді "кішкентай батыр" деп атай бастады: адамдар ол 8 жасында ересектерше әрекет еткенін, қорықпай досын құтқаруға тырысқанын жазды. Куәгерлердің айтуынша, Хизир өзенге секірер алдында: "Қане, біз еркекпіз ғой, оны құтқарайық", - деген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

№1 МОТИВАЦИЯЛЫҚ БЛОГТЫҢ жарияланымы (@motivations_russia)


Хизирді мыңдаған адам іздеді: құтқарушылар, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Шешенстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Қабарды-Балқария және Қарашай-Шеркес республикаларынан келген еріктілер.
Операцияға қатысушылар Сунжа арнасын, жағалауын және іргелес аумақтарды тексерді. Жұмыс барысына ауа райы қолайсыздығы кедергі келтірді: жаңбырдан кейін су деңгейі көтеріліп, ағыс күшейген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Владикавказ | Осетия⚪️???????? (@northossetia) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus