Астананың оң жағалауында өрт шықты
Жексенбіде таңертең Астанада өртсөндірушілер Сарыарқа ауданына шұғыл аттанды. Кенжин көшесінің бойында жиналған қоқыс пен резеңке-техникалық бұйымдар өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Алғашқы өртсөндіру бөлімшелері келген бойда ашық жалын мен қою қара түтін байқалды. Бірден өрт оқпандары іске қосылып, су үздіксіз берілді.
Сағат 11:01-де ТЖМ өрттің толық сөндірілгені туралы хабарлады.
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", — делінген таратылған хабарламада.
Бұған дейін Астанада көпқабатты үйден өрт шыққан еді. Алматы ауданында Айнакөл көшесіндегі үйлердің бірінде пәтердің бөлмесі мен балконы өртенген.