Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ыстық, жаңбыр және найзағай: Қазақстандағы 20 маусымға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан қалалары бойынша сенбі, 20 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петропавлда синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжайды, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Температура күндіз 30-32 градус ыстық, түнде 17-19 градус жылы болады.

Қостанайда күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометр бағандары 31-33 градусқа дейін көтеріледі, түнде 16-18 градусқа дейін төмендейді.

Көкшетауда күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі, түнде 18-20 градус жылы болады.

Павлодарда аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз 31-33 градус ыстық, түнде 16-18 градус жылы болады.

Қарағандыда синоптиктердің болжамы бойынша күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Күндіз 30-32 градус ыстық, түнде 16-18 градус жылы болады.

Жезқазғанда күн құбылмалы болады деп күтіледі, түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз 34-36 градус ыстық болады, түнде 20-22 градус.

Өскеменде күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Күндіз 33-35 градус ыстық, түнде 15-17 градус жылы.

Семейде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Температура күндіз 31-33 градус ыстық, түнде 15-17 градус жылы.

Оралда синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжайды, күндіз күн күркіреп жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Күндіз 26-28 градус, түнде 16-18 градус жылы.

Атырауда күн құбылмалы болады деп күтіледі, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз термометр бағаны 36-38 градусқа дейін көтеріледі, түнде 23-25 градус жылы болады.

Ақтөбеде күн құбылмалы болады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура күндіз 31-33 ыстық, түнде 16-18 градус жылы.

Ақтауда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз 31-33 градус ыстық, түнде 23-25 градус жылы

Таразда синоптиктердің болжамы бойынша күн құбылмалы болады деп күтіледі, кейде күн күркіреп жаңбыр жауады. Күндіз 28-30 градус, түнде 17-19 градус жылы болады.

Шымкентте күн құбылмалы болады деп күтіледі, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады. Күндіз 33-35 градус ыстық, түнде 16-18 градус жылы.

Түркістанда күн құбылмалы болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Температура күндіз 35-37 градус ыстық, түнде 20-22 градус жылы.

Қызылордада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз 37-39 градусқа дейін ысиды, түнде 22-24 градус жылы болады.

Қонаевта синоптиктер күн құбылмалы болады деп болжайды, жауын-шашынсыз. Күндіз 32-34 градус ыстық, түнде 20-22 градус жылы.

Талдықорғанда күн құбылмалы болады деп күтіледі, жауын-шашынсыз. Температура күндіз 34-36 градус ыстық, түнде 18-20 градус жылы.

Алматы күн құбылмалы болады, күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғады. Температура күндіз 29-31 градус ыстық, түнде 19-21 градус жылы.

Астанада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз 33-35 градус ыстық, түнде 17-19 градус жылы болады.

Бұған дейін синоптиктер 19–21 маусым аралығына Астана мен Алматыға арналған ауа райы болжамын ұсынған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus