ӘЧ-2026 плей-офф кезеңінің алғашқы қатысушысы анықталды
А тобындағы орталық кездесудің басты кейіпкері орталық қорғаушы Луис Ромо болды. 50-минутта допты қолынан шығарып алған кореялық қақпашының қателігін ол сәтті пайдалана білді.
Мексикалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, А тобында көш бастады.
Сонымен қатар топтағы келесі матчта ОАР мен Чехия тең түскендіктен, Мексика құрамасы топтан шығу мәселесін мерзімінен бұрын шешті.
Еске сала кетейік, футболдан әлем чемпионатының ашылу матчында Мексика құрамасы ОАР командасын 2:0 есебімен жеңген болатын.
Екі турдан кейінгі А тобындағы командалардың жағдайы:
Мексика — 6 ұпай;
Оңтүстік Корея — 3 ұпай;
Чехия — 1 ұпай;
ОАР — 1 ұпай.
Айта кетейік, Мексика АҚШ және Канадамен бірге 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатын қабылдайтын үш елдің бірі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Mexican National Team (@miseleccionmx_en) жарияланымы