Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Оқудағы қиындықтар мен қоштасу SMS-і: киберспорт жұлдызының анасы оның Қазақстандағы балалық шағы туралы

Қазақстандық киберспортшы Данил molodoy Голубенконың анасы ұлының мансабы басталған кездегі отбасының ауыр жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengri Sport ESL Counter-Strike YouTube-арнасына сілтеме жасап.
Қазақстандық киберспорттың ең танымал өкілдерінің біріне айналған 21 жастағы Counter-Strike ойыншысы Семейде дүниеге келген.
Ойыншының анасының айтуынша, бала күніндегі ойынға деген құштарлығы оқудағы қиындықтарға әкеп соқтырған.

"Ол мектептен қала бастады, мені шақыртып алды. Оны оқудан шығарғысы келді", - деді ол қазақстандық туралы түсірілген шағын фильмде.

Бірақ бұл Данилді тоқтата алмады, мектепті бітірген соң ол ата-анасына университетке бармайтынын, себебі оның арманы кәсіби киберспортшы болу екенін айтты.

"Әрине, олар "жоқ" деді, өйткені компьютерлік ойындардың не екенін және менің немен айналысатынымды мүлдем түсінбеді", - дейді molodoy.


"Бізді тақырға отырғызып кетті": киберспортшының анасы Семейдегі қиындықтары туралы
Данилдің анасының айтуынша, ол бүкіл саналы ғұмырында бизнеспен айналысқан және бұл киберспорт жұлдызының әкесімен ажырасқаннан кейін отбасын асырауға мүмкіндік берген. Алайда бір сәтте бәрі өзгеріп сала берді.

"Менің көтерме сауда бизнесім болды, ісім өрге басып, бәрі жақсы еді. Бірақ бір күні жағымсыз жағдай болды. Бізді бір адамдар алдап кетті. Бес минуттың ішінде барлығынан айырылдым. Даня бұған қатты уайымдады, меніңше, бұл оның өміріндегі бетбұрыс кезең болды", - деді ол.

Данил анасын жұбатуға тырысты, бірақ көп ұзамай оған тағы бір соққы жасады - ескертпестен Астанаға кетіп қалды, онда оған кәсіби Counter-Strike ойыншысы ретінде жағдай жасауға уәде берген болатын.

"Мен кетіп бара жатырмын, кешір, маған тегін компьютер мен тамақ береді. Бұл менің арманым, мен бағымды сынап көруім керек", - деп жазды ол анасына SMS-пен.

Көп ұзамай Данилге Астанадан Сербияға көшу туралы ұсыныс түсті, онда қамтамасыз ету деңгейі жоғары және ірі турнирлерге қатысу мүмкіндігі болды.
Бастапқыда анасы бұған үзілді-кесілді қарсы болды, өйткені ұлының немен айналысатынын әлі де түсінбеген еді.

"Маған жан-жақтан достарым мен таныстарым қоңырау шала бастады: "Оны жіберіңіз, бұл үлкен мүмкіндік қой!" деп өтінді. Күн-түн демей жыладым, бірақ бәрібір жібердім", - дейді әйел.

"Алғашқы жалақысын анасына аударды"
Нәтижесінде Данил шынымен жоғары деңгейге көтеріле алды - қазір ол турнирлерге қатысқаны үшін айына ондаған мың доллар табыс табады.

"Алғашқы жалақымды толығымен анама бердім. Мен оған ақша аударғанда, ол "Рақмет" деп жазды, мен өте бақытты болдым", - деді molodoy.

Киберспорттағы табыс, кәдімгі спорттағыдай, нәтижеге тікелей байланысты. Мысалы, Данил өнер көрсететін Furia командасы былтыр Астанадағы ең ірі PGL турнирінде төртінші орын алып, 87,5 мың доллар табыс тапса, биыл сол турнирде 1/4 финалда ұтылғаны үшін - 40 мың доллар алды.
Жақында SauBall YouTube-арнасына берген сұхбатында тағы бір қазақстандық киберспортшы Әбдірахым mo0N Иса командалардағы жүлде қоры, әдетте, тең бөлінетінін айтқан болатын.

Данил molodoy Голубенко PGL Astana-да қанша табыс тапты?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus