Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ӘЧ-2026: Түркия, Қатар және Шотландия қалай өнер көрсетті?

13-нен 14 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының кезекті ойындары өтті. Швейцария құрамасы Қатармен ойында ұпай жоғалтса, Түркия тосыннан Аустралиядан жеңілді, ал Шотландия Гаитиді аз есеппен ұтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.Қатар - Швейцария
Ойын күнін Қатар мен Швейцария арасындағы матч бастады. Фавориттер есепті 17-минутта ашты, пенальтиді форвард Брель Эмболо сәтті орындады. Команда жеңісті тойлауға дайындалып жатқан еді, алайда 94-минутта қорғаушы Миро Мухейм өз қақпасына гол соғып алды. Матчтің қорытынды есебі - 1:1.
Матч статистикасы:
Скриншот: flashscorekz.com
B тобындағы турнирлік кесте

1. Швейцария (1 ұпай);2. Канада (1 ұпай);3. Қатар (1 ұпай);4. Босния және Герцеговина (1 ұпай).


Гаити - Шотландия
Гаити мен Шотландия құрамалары арасындағы үшінші матчте бір ғана гол соғылды. Оны 28-минутта жартылай қорғаушы Джон МакГинн салды. Гаитиліктер өз қақпасына бірнеше гол жіберіп алады деп күтілген еді, бірақ статистика бойынша олар шотландиялықтардан кем түскен жоқ. Матчтің қорытынды есебі - 0:1, Шотландияның пайдасына.
Скриншот: flashscorekz.com
C тобындағы турнирлік кесте

1. Шотландия (3 ұпай);2. Марокко (1 ұпай);3. Бразилия (1 ұпай);4. Гаити (0 ұпай).


Аустралия - Түркия
Ойын күнінің қорытынды матчінде Түркия тосыннан Аустралиядан жеңіліп қалды. 27-минутта аустралиялық вингер Нестори Иранкунда есеп ашса, 75-минутта жартылай қорғаушы Коннор Меткалф есепті еселеді.
Түріктер допқа иелік ету бойынша 70 пайыздан аса артықшылыққа ие болып, қарсылас қақпасына 30 соққы бағыттаса да, гол соға алмады. Матчтің қорытынды есебі - 2:0, Аустралияның пайдасына.
Скриншот: flashscorekz.com
D тобындағы турнирлік кесте

1. АҚШ (3 ұпай);2. Аустралия (3 ұпай);3. Түркия (0 ұпай);4. Парагвай (0 ұпай).

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus