Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тай ханшайымы Баджракитиябха 47 жасында қайтыс болды

Таиланд королі Рама X-ның үлкен қызы, ханшайым Баджракитиябха 47 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Ханшайым бірнеше жыл бойы комада жатты. Ол өкпе мен бүйрек жұмысын жетілдіретін аппараттарға қосылған болатын.
Билік өкілдерінің мәліметінше, дәрігерлер бар күшін салғанымен, оның жағдайы бақылауға көнбеген инфекция салдарынан нашарлап кеткен. Инфекция өмірлік маңызды ағзалардың жұмысына кері әсер еткен.
Ханшайымның денесі қоштасу рәсімі үшін Бангкоктағы Үлкен сарайға қойылады, ал жерлеу рәсімі "корольдік дәстүрлерге сай ең жоғары құрметпен" өтеді.
Таиланд халқы оны ханшайым Па деп таныған. Король Маха Вачиралонгкорнның алғашқы некесінен туған жалғыз қызы 2022 жылғы желтоқсанда денсаулығы күрт нашарлағаннан бері ауруханада жатқан. Сарай мәліметінше, ханшайымнан микоплазмалық инфекция анықталған. Бұл - көбіне пневмониямен байланысты болатын бактериялық ауру.

"Бұл қаза - бүкіл ұлттың жүрегіндегі өлшеусіз қасірет", — деді премьер-министр Анутин Чарнвиракул телеүндеуінде.

Ол ханшайымды "Таиландтың мақтанышы" деп атап, "оның мейірімділік, әділдік пен теңдікке негізделген қоғам құруға деген ұмтылысы ұлттың мәңгі рухани мұрасы, тайлықтардың талай буыны үшін жол көрсетуші шырақ болып қала береді" деп қосты.
Баджракитиябха Тхаммасат университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алып, кейін АҚШ-тағы Корнелл университетінде құқық магистрі және заң ғылымдарының докторы дәрежесін алған.
Оның докторлық диссертациясы айыпталушылардың құқығын қорғауға арналған болатын, ал кейінірек ол түрмедегі әйелдердің жағдайын жақсарту науқанымен айналысып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы бастамаларды қолдады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus