Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Алаңдап қалдым“: Желіде Алматы хайуанаттар бағындағы ақ аюдың күтімі талқыға түсті

Алматы тұрғыны зообақтағы ақ аюдың күтіміне шағымданды. Мекеме бұл сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Тұрғын жазбасын танымал әлеуметтік желілердің бірінде жариялады. Оның айтуынша, видео 11 маусымда түсірілген. Сол күні сыртта отыз градус ыстық болған.

"Ақ аюлар - суыққа, қар мен мұзға бейімделген арктикалық жануарлар. Сондықтан оның күйіне алаңдап қалдым. Қоршаудағы салқындату жүйесі дұрыс па, жоқ па, білмеймін, бірақ сырттай қарағанда жануарға өте ауыр тиіп жатқандай көрінеді. Хайуанаттар бағынан ресми түсініктеме алып, мұндай аптапта ақ аюға қандай жағдай жасалғанын білгім келеді", - деді ол.


Кей пікір қалдырушылар жағдайды жақсартуды талап еткен.
Хайуанаттар бағы өкілдері не дейді?
Мекеме мәліметінше, Алматы хайуанаттар бағында жаз айларында ақ аюға барлық қажетті жағдай жасалған.

"Ол жерде салқын суы бар екі бассейн, өндірістік кондиционерлері бар салқындатылатын апан, сондай-ақ мұз және қар генераторы бар. Ақ аюдың жай-күйі ветеринар мамандар мен хайуанаттар бағы қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Бүгінде оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Алматы хайуанаттар бағындағы ақ аюдың қоршауы жануарларды ұстаудың заманауи халықаралық стандарттарына сәйкес келетіні нақтыланды.

"Бассейндердің айналасындағы аумаққа табиғи топырақ жайылған, бұл жануардың үйреншікті өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Әлемнің көптеген хайуанаттар бағында мұндай аймақтар негізінен бетоннан жасалған. Сонымен қатар, бұл аумақ өте кең, ақ аюдың еркін қозғалуына, жүзуіне, демалуына және табиғи белсенділігіне толық мүмкіндік береді", - деп толықтырды хайуанаттар бағы өкілдері.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus