Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Үлгердім, бірақ пайдаланған жоқпын“ - вице-министр шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ-дан ақша алу туралы

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин зейнетақы жинағына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкіметте өткен брифинг барысында журналистер бірінші вице-министрден жеткілікті шек көтерілгенге дейін өзінің зейнетақы жинақтарын пайдаланып үлгерген-үлгермегенін сұрады.

"Мен үлгердім. Бірақ әлі пайдаланған жоқпын", - деп түсіндірді Әмрин кулуарда.

Ол қаражатты Отбасы банкіндегі шотқа аударғанын нақтылады.
Шектің жоғары болуы туралы қосымша сұрақтарға Әмрин бағдарламаны мүмкіндігі болғандардың барлығы пайдаланып қойғанын атап өтті.

"Бұл бағдарламаның жұмыс істеп тұрғанына көп болды - 2023 жылдан бері. Мүмкіндігі болғандар, сірә, оны пайдаланып үлгерді. Менің білуімше, 5 триллион теңгеден аса қаражат алынған. Бұл зейнетақы төлемдеріне әсер етеді. Енді жағдайға қараймыз деу әділетті болар: кімнің мүмкіндігі болды - сол пайдаланды, ал мүмкіндігі болмағандар - ары қарай жинақтай береді", - деп жауап берді ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

Мән-жайы
6 маусымда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шектің (ЕТЖШ) жаңа мөлшерін жариялады. Бұл - бір жыл ішіндегі екінші рет көтерілу.
Бұл жолы шекті межелердің өсуіне олардың жаңа формула бойынша есептелуі себеп болды. Бұл формула алдыңғысына қарағанда күрделірек.
Енді Қазақстанда лимиттерді есептеу кезінде адамның жасы, зейнетке шыққанға дейінгі қалған жылдары, болжамды өмір сүру ұзақтығы, болашақ зейнетақы жарналары мен жинақтардан түсетін инвестициялық табыс ескеріледі.
Осылайша, адамға зейнетке шыққаннан кейін қанша ақша қажет болатынын бағалау туралы шешім қабылданды. Осы деңгейден асатын соманың барлығы бұрынғысынша пайдалануға болатын "артық мөлшер" болып есептеледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus