Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Иранды “бомбалаймын“ деп сес көрсеткеннен кейін мұнай бағасы көтерілді

Трамп Иранға "өте жойқын соққы" жасаймын деп сес көрсеткеннен кейін мұнай бағасы шамамен 2 долларға қымбаттады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәрсенбідегі сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы шамамен 2 долларға өсті. Бұған президент Дональд Трамптың егер бейбіт келісім жасалмаса, АҚШ-тың Иранға "өте қатаң" соққы жасау ниеті туралы мәлімдемесі себеп болды.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,65 долларға немесе 1,8 пайызға қымбаттап, барреліне 93,10 доллар деңгейінде жабылды.

Америкалық мұнай фьючерстері 1,83 долларға немесе 2 пайызға өсіп, сауданы барреліне 90,03 доллар көрсеткішімен аяқтады. Күндізгі сауда-саттық барысында қос келісімшарт құны шамамен 3 долларға дейін көтерілген болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп сәуірдегі бітімгершіліктен бергі ең ірі қақтығыстардың бірі болған түнгі атыстан кейін Иранға шабуыл жасалатынын тағы да мәлімдеген еді.

Сессияның жабылуына қарай баға өсімі сәл бәсеңдеді. Бұған Трамптың АҚШ әскерилері Ормуз бұғазынан 100 миллион баррельден астам мұнай тасымалдаған кемелерді жасырын түрде алып өткені туралы мәлімдемесі әсер етті.

Трамп бұл операцияның бағаны ұстап тұруға көмектескенін алға тартты. Ол Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында бұл шаралар болмағанда мұнай бағасы қазіргідей барреліне "85–90 доллардың" орнына "250 доллар" болар еді деп мәлімдеді.

Сондай-ақ бағаның өсуіне АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасының деректері де қолдау болды. Мәліметтерге сәйкес, өткен аптада АҚШ-тағы шикі мұнай қоры күрт азайған, себебі мұнай өңдеу зауыттары соғыс салдарынан туындаған жеткізу тапшылығын толтыруға тырысқан.Деректер АҚШ-тың Стратегиялық мұнай резервіндегі қор көлемі 2023 жылдың тамызынан бергі ең төменгі деңгейге түскенін көрсетті.

Сонымен қатар сәрсенбіде АҚШ Энергетика министрлігі жанармай бағасын арзандату мақсатында энергетикалық компанияларға Стратегиялық мұнай резервінен 40 миллион баррельге дейін шикі мұнайды несиеге беруге ниетті екенін мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus