Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасының ойыншысы Франция чемпионатының топ-клубына ауысты

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Алан Құрманғалиев Францияның бес дүркін чемпионы "Аннебон" клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Tengri Sport үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан үстел теннисі федерациясының мәліметінше, француз клубымен келісім бір жылға есептелген. Маусым қыркүйектің ортасында басталады, Алан сол кезде команда сапында алғашқы ойынын өткізе алады.

"Келіссөздер өте ұзаққа созылды деп айта алмаймын. Барлығы бір аптадан сәл ғана артық уақыт алды. Клуб қызығушылық танытты, сондықтан барлық мәселені тез талқылап, ортақ келісімге келдік", - деп келтіреді Құрманғалиевтің сөзін баспасөз қызметі.

Айта кетейік, "Аннебон" Франция чемпионатының элиталық про-лига дивизионында өнер көрсетеді. Команда бес рет ұлттық чемпионатты жеңіп алса, екі мәрте ETTU Cup Еуропа кубогінің иегері атанған.
Аланға келер болсақ, ол небәрі 19 жаста, бірақ ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын жеңіп, беделді кәсіби турнирлердің жүлдегері атанған.
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы жаңа рекорд орнатты
Еске сала кетейік, үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы мамырда өткен Әлем чемпионатында өз тарихында алғаш рет 1/8 финалға дейін жеткен болатын.
Осы жетістіктің арқасында Қазақстан командасы әлемдік рейтингте 18-орынға көтерілді.
Аланнан бөлек, Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко өнер көрсетеді, ол сондай-ақ шетелдік "Вердер Бремен" (Германия) клубының намысын қорғайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@insports.kz жарияланымы


Қазақстан ӘЧ-дағы тарихи жетістіктен кейін әлемдік рейтингте көтерілді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus