Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтарға банк қосымшалары арқылы “сүйінші хат“ келе бастайды

Қазақстандықтардың банк қосымшаларына мобильді аударымдар бойынша есеп беру қажеттілігі туралы салық қызметінен хабарламалар келе бастауы мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Біржановтың сөзінше, қазіргі уақытта ақпараттандырудың негізгі арнасы салық төлеушінің кабинеті болып қала береді.

"Бірінші кезекте хабарламаларды салық төлеушінің кабинеті арқылы жібереміз, өйткені бізде барлық жеке тұлға мен жеке кәсіпкер салық төлеуші", - деді ол.

Бұл ретте вице-министр болашақта бұл мақсатта банк қосымшалары қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

"Банк қосымшалары арқылы құлақтандыру мәселесін де қарастырамыз", - деді шенеунік.

Сондай-ақ ол мобильді аударымдарды талдау кезінде салық органдары бір көрсеткішке ғана сүйенбейтінін еске салды.

"Ереже бәріне ортақ. Бұл туралы бірнеше рет айтқан болатынбыз. Жекелеген критерийлер бөлек қаралмайды. Олар кешенді түрде зерттеледі. Үш критерийдің үшеуі де сәйкес келген жағдайда ғана мұндай операциялар тәуекелді деп танылады және банктер сол деректер бойынша ақпаратты жолдайды", - деп толықтырды вице-министр.

Мән-жайы
Бұған дейін банктер 15 сәуірге дейін салық органдарына 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы мобильді аударымдар бойынша деректерді беруі тиіс екенін жазған едік. Фискалдық органдар назарына тек үш критерий бірден сәйкес келген жағдайлар ілігеді: аударымдар 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан түсіп, бұл қатарынан үш ай бойы қайталанса және жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен - 1 020 000 теңгеден асқан болуы керек.
Бұл ретте Қаржы министрлігі мәселе автоматты түрде айыппұл салу туралы емес екенін баса айтты. Алдымен салық органдары хабарлама жолдап, түсініктеме сұрауы тиіс, содан кейін ғана нақты жағдай бойынша шешім қабылданады. Сондай-ақ мұндай хабарламаға ол табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жауап беру қажеттігі хабарланды.
Тағы оқыңыз: “Бұл ақша қайдан келгенін сұраймыз“. Салық органдарының 115 мың адамға қояр сұрағы бар

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus