Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Реал“ УЕФА-дан жемқорлық дауына байланысты “Барселонаны“ 23 титулынан айыруды талап етті

Мадридтік "Реал" басшылығы УЕФА-ға атышулы "Негрейра ісіне" байланысты каталониялық "Барселонаға" қарсы санкциялар енгізу туралы талап жолдады, деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі AS-ке сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, мадридтік "Реал" УЕФА-ға "Негрейра ісі" бойынша каталониялық "Барселонаға" қатаң санкциялар қолдануды талап еткен егжей-тегжейлі құжаттама жіберген.
Клуб каталониялықтарды еуропалық жарыстардан шеттетуді ғана емес, 2001-2018 жылдар аралығында жеңіп алған 23 титулды толығымен жоюды талап етіп отыр.

???? BREAKING: "Реал Мадрид" УЕФА-дан "Барселонаны" Негрейра дәуірінде иеленген ТИТУЛДАРЫНАН айыруды талап етеді. @diarioas pic.twitter.com/bId8fHES0i
— Madrid Zone (@theMadridZone) 8 маусым, 2026 жыл
Негрейра ісінің мән-жайы
2001-2018 жылдар аралығында "Барселона" түрлі компания арқылы Корольдік испан футбол федерациясының Төрешілер техникалық комитетінің (CTA) бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға тиесілі фирмаларға 7,3–8,4 миллион еуродан астам қаражат төлеген. Төлемдер 20 жылға жуық уақыт бойы жүргізіліп, каталониялық клубтың ең жоғары жетістіктерге жеткен кезеңінде айтарлықтай жиілеген.

???? НЕГРЕЙРА ІСІ. ????????⚖️Испанияның салық органдары Негрейра ісі бойынша "Барселонаның" спорттық сыбайлас жемқорлыққа барғанына ЕШҚАНДАЙ дәлел таппағанын мәлімдеді. ❌Төрешілерге төлем жасалғаны және матч нәтижелеріне әсер еткені туралы ДӘЛЕЛ ЖОҚ. ????(Дереккөз: MiguelGalanCNFE) pic.twitter.com/onKOlygCqS
— Transfer News Live (@DeadlineDayLive) 18 мамыр, 2026 жыл
"Барселона" барлық төлем заңды болғанын және тек консультациялық қызметтер үшін: техникалық есептер дайындау, статистика және төрешілер жұмысын талдау үшін жасалғанын алға тартады. Клуб матч нәтижелеріне қандай да бір ықпал етуді үзілді-кесілді жоққа шығарады.

????????НЕГРЕЙРА ІСІ БОЙЫНША ТАҢҒАЛДЫРАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР! ???????? ⚖️▫️ "Барселона" ФК шоттарын талдағаннан кейін, Испанияның салық органдары Негрейра ісінде ЕШҚАНДАЙ СПОРТТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚ болмаған деп есептейді. ▫️ Төрешілерге ЕШҚАНДАЙ ТӨЛЕМ жасалмаған… pic.twitter.com/62wU10zSGR
— Instant Foot ⚽️ (@lnstantFoot) 18 мамыр, 2026 жыл
Ал мадридтік "Реал" мен айыптаушы тарап бұл төлемдерді жүйелі спорттық жемқорлық деп санайды. Олардың басшылығының пікірінше, төрешілер корпусының вице-президентіне берілген ақша "Барселонаға" төрешілердің оң көзқарасын қамтамасыз еткен, бұл маңызды матчтардың нәтижесіне және титулдардың қорытынды үлестірілуіне тікелей әсер еткен.

‼️ ШҰҒЫЛ ‼️Флорентино Перес НЕГРЕЙРА ІСІ бойынша есепті УЕФА-ға жолдап үлгерді"Реал Мадрид" еуропалық ұйымнан "Барселонаны" төрешілердің бұрынғы вице-президентінің қызметіне АҚША ТӨЛЕГЕН кезеңде жеңіп алған БАРЛЫҚ ТИТУЛДАРЫНАН АЙЫРУДЫ сұрайды… pic.twitter.com/DQseTL0GIV
— Madrid Sports (@MadridSports_) 8 маусым, 2026 жыл
Флорентино Перес бұл істі бірнеше рет "футбол тарихындағы ең ауыр жемқорлық оқиғасы" деп атаған болатын.

???? Флорентино Перес El Chiringuito басылымына: "Негрейра ісі — футбол тарихындағы ең үлкен жанжал", — деді. pic.twitter.com/gYjQNAwX6v
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) 13 мамыр, 2026 жыл
Бұған дейін мадридтік "Реалдың" жаңадан сайланған президенті Флорентино Перес жаңа бас бапкер ретінде Жозе Моуриньоны тағайындағаны белгілі болды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus