Министр Бурабайдағы 200 мың теңгелік бургерге қатысты пікір білдірді
Үкіметте өткен брифинг кезінде журналистер Қазақстанның туристік аймақтарындағы баға мәселесіне назар аударды. Бұған әлеуметтік желіде тараған видео себеп болды: Бурабайдағы мейрамханалардың бірінде қыздар жеген бургері үшін шамамен 200 мың теңге төлегені көрсетілген.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
@bika_mazhenova жарияланымы
Осыған байланысты министрден: "Жергілікті шипажайлар мен демалыс орындарында демалу, тіпті жай ғана тамақтану қазақстандықтар үшін тым қымбат болып бара жатқан жоқ па?" - деп сұралды.Мырзабосынов туристік бағыттарда баға сегменті әртүрлі екенін атап өтті.
"Егер Бурабай туралы айтар болсақ, ол жерде баға деңгейі әртүрлі. Мүмкін, бұл келушілер премиум-сегментте демалған шығар. Жалпы алғанда, кез келген бюджетке лайықты ұсыныстар бар", - деді министр.
Шенеуніктің айтуынша, таңдау туристердің өз қалауына байланысты.
"Бұл - әр туристің жеке таңдауы. Әр бюджетке сай тиісті сегмент бар, оны турист өзі таңдайды", - деп толықтырды ол.