Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидатураны ұсыну мерзімдері белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 2016 жылдың 8 ақпанына дейін жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.