Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Балаларға берілген банан тек фотоесеп үшін бе? Шымкенттегі балабақшада жанжал шықты

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балабақшалардың бірінде түсірілген шулы видео тарап жатыр. Онда түскі ас кезінде есеп үшін суретке түсіріп алған соң, балалардың алдындағы бананды қайтып алған сәт бейнеленген. Шымкент қалалық білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Желіде тараған бейнежазбада балалардың балабақшада тамақтанып жатқаны көрсетілген. Негізгі тағамнан кейін оларға банан таратылған. Алайда, видеоға қарасақ, жемістер тек фотоесеп үшін берілген сияқты: суретке түсіріп болғаннан кейін оларды балалардан қайтып жинап алған.
Видеодан балалардың бірі бананды бергісі келмегенін көруге болады. Сол кезде басқа бір бала жемісті тартып алып, тәрбиешіге апарып берген.
Білім басқармасы не дейді?
Шымкент қалалық білім басқармасы Tengrinews.kz редакциясына бананға қатысты бұл оқиғаның 2026 жылдың ақпан айында болғанын хабарлады.

"Мекеме меңгерушісі мен қызметкерлерден түсініктеме алынды. Сондай-ақ видеодағы бес қызметкердің үшеуі бүгінгі таңда бұл мекемеде жұмыс істемейтіні анықталды", – деп мәлімдеді басқарма.


Сонымен қатар ведомство қалалық полиция департаментіне, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне және СЭС-ке (санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті) ресми хат жолдады.

"Бұл мәселе қолданыстағы заңнама аясында қаралып жатқанын және құзырлы органдардың тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданатынын хабарлаймыз", – деді ведомство өкілдері.


Еске салсақ, бұған дейін Теміртаудағы мемлекеттік балабақшалардың бірінде де дау туындаған болатын. Желіде бейнебақылау камерасындағы жазбалар жарияланды. Онда тәрбиеші алты жасар қызды маңдайынан бірнеше рет ұрған. Сондай-ақ кадрлардан педагогтің балаға айғайлап, дауыс көтергені естіледі.
Видео жарияланғаннан кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды. Балабақша директорына сөгіс жарияланды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus