Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары вагондағы тарақандарға шағымданды

Маңғыстау-Семей бағытындағы №37 пойыздың жолаушылары вагондағы тарақандарға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жолаушылар түсірген видео пайда болды. Кадрлардан вагон ішінде өріп жүрген жәндіктерді көруге болады.

"Міне, тағы бір кішкентайы, ал мынау үлкені. Бұл жерде ұйықтай алмаймын", - дейді видео авторы.

Жұрт вагонның антисанитарлық жағдайына жаппай наразылық білдіріп, дезинсекция жұмыстарының сапасыздығына шағымданып жатыр. Кейбіреулер мұндай мәселелерге Маңғыстау-Алматы бағытын қоса алғанда, өзге де пойыздарда тап болғандарын айтты.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, шағымнан кейін пойыз соңғы станцияға келген бойда құрамға жоспардан тыс дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

"Бұл вагонды жоспарлы өңдеу жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес биыл 30 мамырда жүргізілген. Нормативтер бойынша жолаушылар вагондарын дезинсекциялау айына кемінде бір рет, ал дератизациялау тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі", - деді компания өкілдері.

Тексеру қорытындысы бойынша пойыз бастығы, өндірістік оқыту нұсқаушысы, "Батыс" филиалы Маңғыстау учаскесінің бастығы, сондай-ақ, "Батыс" филиалының директоры, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасары және бас инженері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, вагонды рейске шығар алдында қабылдауға және дайындауға жауапты болған рейсалды комиссиясының барлық мүшесі жазаланды.
Мән-жайды анықтау үшін "Батыс" филиалына "Жолаушылар тасымалы" АҚ орталық аппаратынан арнайы комиссия жіберілді.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, вагондардың санитарлық жағдайы мен қызмет көрсету сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастыратынына сендірді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus