Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран АҚШ-тың соққыларына жауап ретінде зымырандар ұшырды

Ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары аясында АҚШ армиясы Иранның Горук елді мекені мен Кешм аралындағы радиолокациялық станцияларына соққы берді. Бұл туралы сенбіге қараған түні АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Америкалық әскерлер алдағы шабуылдардың алдын алу мақсатында Иранның Горуктегі және Кешм аралындағы жағалаудағы радиолокациялық бақылау станцияларына соққы жасады", - делінген CENTCOM мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, CENTCOM Ормуз бұғазына қарай бағытталған ирандық төрт дронның жойылғаны туралы БАҚ ақпаратын растады.

"CENTCOM күштері Ормуз бұғазына қарай жіберілген ирандық төрт... ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді. Дрондардың шабуылы аймақтық теңіз қатынасына тікелей қауіп төндірді", - делінген жарияланымында.

Бұған дейін CNN телеарнасы Иранның Ормуз бұғазына қарай бірнеше дрон ұшырғанын, оның кемінде үшеуін АҚШ әскерилері атып түсіргенін хабарлаған болатын. Ал CBS телеарнасы төрт дрон туралы ақпарат таратты.
CENTCOM АҚШ-тың Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы елдеріне қарай бағытталған ирандық баллистикалық зымырандар мен дрондардың жолын кескенін мәлімдеді.

"АҚШ Қарулы Күштері 5 маусымда Ормуз бұғазы мен көршілес Парсы шығанағы елдеріне қарай ұшырылған бірнеше ирандық баллистикалық зымыран мен дронды атып түсірді", - делінген мәлімдемеде.

CENTCOM мәліметінше, Иран Кувейт пен Бахрейнге қарай жеті баллистикалық зымыран ұшырған, оның алтауы атып түсіріліп, жетіншісі нысанаға жетпеген.
АҚШ-тың соққыларына жауап ретінде Иран әскерилері Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға зымыранмен шабуыл жасап, Ормуз бұғазынан рұқсатсыз өтпек болған төрт танкерге оқ жаудырды.
Бұл кейінгі аптадағы Иран мен АҚШ арасындағы алғашқы қақтығыс емес. Сәрсенбіде Тегеран Оман шығанағындағы кемелерге жасалған агрессияға жауап ретінде америкалық эсминецке шабуыл жасалғанын хабарлады. Оның алдындағы түні де тараптар соққылармен алмасқан болатын: ИРСК АҚШ-тың бесінші флотының штаб-пәтеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Вашингтон өз кезегінде Кувейт пен Бахрейнге бағытталған ирандық дрондар мен зымырандардың көзін жойып, Кешм аралындағы нысандарға соққы бергенін алға тартты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus