Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттық банктің инфляция бойынша жаңа болжамы анағұрлым жақсарды

Қазақстанда 2026 жылға арналған инфляция болжамы қайта қаралды. Ұлттық банк мәліметінше, ол бұрын күтілген 9,5–11,5 пайыздың орнына енді 9–11 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Түзету себебі

Ұлттық банк мәліметінше, болжам инфляцияның іс жүзінде тезірек баяулауына, ҚҚС өсімінің тауарлар мен қызметтер құнына әсері шектеулі болуына, сондай-ақ теңге бағамының нығаюына байланысты қайта қаралған.

2026 жылға арналған инфляция болжамы 9–11 пайызға дейін төмендету жағына қарай қайта қаралды, делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Ұлттық банк болжамның өзгеруі бағаның тұрақтануындағы қазіргі динамиканы көрсететінін атап өтті.

Ұлттық банк инфляция биылдың өзінде бір таңбалы деңгейге өтеді деп күтеді. Бұған қалыпты қатаң ақша-кредит шарттары, сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша Үкіметпен бірлескен шаралар ықпал ететіні айтылды.

"Инфляция төмендейді"

Болжамға сәйкес, алдағы жылдары инфляция төмендеуін жалғастырады. 2027 жылы ол 5,5–7,5 пайызға дейін баяулауы мүмкін, ал 2028 жылы 5 пайыздық нысаналы деңгей маңында тұрақтайды.

Ұлттық банк мәліметінше, сыртқы инфляциялық ахуалдың біртіндеп қалыпқа келуі, инфляциялық күтулердің төмендеуі, сондай-ақ фискалдық шоғырландыру баға өсімінің одан әрі баяулауына ықпал етеді.

Бұл ретте инфляция бойынша тәуекелдер теңгерімі әлі де проинфляциялық жаққа қарай бейім болып отыр, алайда бұл фактордың әсері бәсеңдей бастады.

Ұлттық банк бірінші жартыжылдықта ішкі сұраныстың тежеулі екенін, ал сыртқы конъюнктура теңгенің нығаюына септігін тигізгенін, бұл жинақталған баға қысымын ішінара өтегенін атап өтті.

Реттеуші негізгі ішкі тәуекелдерге тұтынушылық сұраныстың жеделдеуін, квазифискалдық ынталандыру аясында монетарлық агрегаттардың кеңеюін, сондай-ақ инфляциялық күтулердің құбылмалылығын және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифтері мен жанар-жағармай материалдары бағалары реформаларының іске асырылуын жатқызды.

Сыртқы тәуекелдер геосаяси шиеленіспен байланысты екені айтылды, бұл әлемдік нарықтардағы инфляциялық қысым мен құбылмалықты күшейтуі мүмкін.

Еске салсақ, Қазақстанда кейінгі екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендетілді. Мөлшерлеме жылдық 18,0 пайыздан +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен 17 пайызға дейін төмендетілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus