Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Ұлттық банктің есебін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясатында қол жеткізген нәтижелер, қаржы секторы, алтын-валюта резерві, Ұлттық қор мен БЖЗҚ зейнетақы активтерінің жағдайы, сондай-ақ қаржы жүйесінің цифрлық трансформациялануы жөнінде мәлімет берді.
Президентке былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндалды. Инфляцияның төмендеуі биыл да жалғасуда, мамыр айының мәліметіне сәйкес – 10,4 пайыз.
Ұлттық банк Үкіметпен бірге инфляция деңгейін баяулату бағытында кешенді жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына берілген Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат ұсынылды.
Ұлттық банктің алтын-валюта резерві былтыр рекордтық деңгейге жетіп, 65,4 миллиард долларды құрады. Ұлттық қордың валюталық активтері 5,1 миллиард долларға өсіп, 63,9 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ активтерінің көлемі 2,7 триллион теңгеге артып, 25,1 триллион теңгеге ұлғайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру және цифрлық жобаларды дамыту жайында айтылды. 2025 жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим қолданысқа еніп, оның базасында нақты активтерді токендеу, ақшаға байланған стейблкоиндер шығару, криптопровайдер мен крипто-фиат арналарын ұйымдастыру сияқты 30-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылды.

"Қазақстан өңірдегі алғашқы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске қосты. Бұл қауіпсіз биометрия, банкаралық есеп айырысуларды жүргізу, қаржылық ақпарат алмасу жүйесі, цифрлық теңге, алаяқтықтан қорғау және заманауи цифрлық сервистер секілді тетіктерді біріктіреді", - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Үкіметпен бірлесе инфляцияны тежеу және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау жөнінде үйлесімді саясат жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша атап өтілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus