Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қыста көліктер батқан, енді опырылып жатыр”: Семей тұрғындары қауіпті учаскеге алаңдап отыр

Семейде су мен шайылған топырақ тұрғын үйлерге жақындап қалған учаскеге қатысты дау өршіді. Жергілікті тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін бұл аумақ қауіпті аймаққа айналғанын айтады: жер опырылып, шұңқырлар пайда болған, жағдай күн өткен сайын ушығып барады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеме жөндеу зауыты маңында тұратын семейліктер өз көшелерінде не болып жатқанын видеоға түсіріп көрсетті. Олардың айтуынша, жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін коммуникациялар зақымданып, кәріз жүйесі бұзылған, ал аумақты жерасты суы басып жатыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: ОО ОСА | ОСА Медиа-орталығы (@oo_osa_semey__vko)




"Топырақ күн сайын шайылып, жақын маңдағы ғимаратқа қарай опырылып келеді. Тұрғындар мәселе жуық арада шешілмесе, опырылу нысанның іргетасына дейін жетуі мүмкін деп қауіптенеді", - делінген жарияланымда.

Кадрлардан көшені су мен батпақ басып, жақын маңда арнайы техника жұмыс істеп жатқанын көруге болады. Үлкен аумақ қазылып, қоршалған, ал топырақ тұрғын үйдің дәл іргесінде қопарылып жатыр. Видео авторының сөзінше, бұл жерден жерасты суы өтеді, ал жөндеу жұмыстары қоршау түбінде жүргізіліп жатыр. Тұрғындар бұл мәселенің басталғанына көп болғанын айтады. Қыста бұл учаскеде қауіпті шұңқырлар пайда болып, оған көліктер түсіп кеткен. Алайда қазіргі уақытқа дейін жағдай түбегейлі шешілмей, керісінше ушыға түскен.

"Семей әкімдігі мен жауапты коммуналдық қызметтерден осы учаскені тексеруді, ресми түсініктеме беруді және ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауды сұраймыз", - делінген жарияланымда.

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қала әкімдігіне хабарласты. Ондағылар тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.

"Аталған учаскеде мердігер мекеме су құбыры желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстарды орындау барысында жерасты суының болуына байланысты қиындықтар туындап, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін суды сорып шығару ұйымдастырылды. Тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Су құбыры желілерінде апат тіркелмеді, сумен жабдықтау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады Семей әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктегілер қазіргі уақытта осы учаскедегі топырақты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын нақтылады.
Дегенмен, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанда, тұрғындар созбаққа салынған мәселенің зардабын тартуға мәжбүр. Шайылған топырақ, су мен қазылған жер әлі де қозғалысқа кедергі келтіріп, жақын маңдағы үйлердің жағдайына қатысты алаңдаушылық туғызып отыр. Алматылықтар көшені басқан сасық суға шағымданды
Бұған дейін Алматыдағы аудан тұрғындары Шаймерденов көшесі бойын жайлаған сасық суға шағымданғаны туралы жазған болатынбыз. Олардың айтуынша, кәріз иісі бірнеше кварталға жетеді. Оқиға 13 мамырда болған. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, кәріз люктерінен тұрмыстық қоқыс аралас әжетхана суы аққан. Жағымсыз иісі бар су Жандосов көшесіне дейін жайылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus