Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Аты аңызға айналған актер Клинт Иствуд мансабын аяқтады

Аты аңызға айналған америкалық актер, режиссер әрі продюсер Клинт Иствуд кинодағы мансабын аяқтады. Бұл туралы оның ұлы Кайл Иствуд концерт барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Life.
ScreenRant мәліметінше, Кайл Иствуд әкесінің бүгінде зейнетке шыққанын көпшілік алдында айтып өтті.

"Онымен бірге жұмыс істеген кезден қалған жылы естеліктерім көп. Қазір ол зейнетте, жасы 95-те. Бірнеше фильмде онымен бірге жұмыс істеу бақыты бұйырғанына өте қуаныштымын. Мен үшін бұл керемет тәжірибе болды", - деп бөлісті ол.

Клинт Иствуд 31 мамырда 96 жасқа толды.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by ScreenRant (@screenrant)


Иствудтың соңғы туындылары
2021 жылы шыққан "Еркек көз жасы" (Cry Macho) фильмі оның актерлік мансабындағы соңғы жұмысы болды. Ал "№2 алқаби" (Juror No. 2) сот триллерін көпшілік Иствудтың режиссер ретіндегі соңғы туындысы деп санайды, дегенмен оның өзі бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Клинт Иствуд туралы не белгілі?
Клинт Иствуд 96 жастағы америкалық актер, режиссер әрі продюсер. Оның шығармашылық жолы 60 жылдан астам уақытқа созылды. Осы аралықта ол бес рет "Оскар" сыйлығын иеленді: "Кешірілмеген" (Unforgiven) және "Миллиондық сәби" (Million Dollar Baby) туындылары үшін "Үздік режиссер" және "Үздік фильм" номинациялары бойынша екі-екіден төрт марапат, сондай-ақ киноиндустрияға қосқан үлесі үшін Ирвинг Тальберг атындағы құрметті "Оскар" сыйлығын алды.
Оның мансабы "Шикі теріден өрілген қамшы" (Rawhide, 1959–1965) сериалынан басталды. Осы уақыт ішінде актер 60-тан астам фильмге түсті. Олардың ішіндегі ең танымалдары "Жақсы, жаман, зұлым", "Мэдисон округінің көпірлері", "Жұмбақ өзен", "Миллиондық сәби" және "Гран Торино".

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus