Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Макгрегордың UFC-ге оралуы: билеттер 240 секундта сатылып кетті

Аты аңызға айналған файтер Конор Макгрегор қайта оралатын UFC 329 турнирінің билеттері 4 минут ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды Tengri Sport AS-қа сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, бұрынғы қос салмақ чемпионы, танымал файтер Конор Макгрегордың триумфпен оралуы жоспарланған UFC 329 турнирінің барлық билеті алдын ала сатылым күні небәрі 240 секунд (4 минут) ішінде таусылған.Бірінші қатардағы ең қымбат билеттер құны 43 мың доллардан (21 миллион теңге) асса, жоғарғы мінбелердегі ең арзан билеттер шамамен 600 доллар (293,8 мың теңге) болған.

????Макгрегордың оралуына байланысты ажиотаж: билеттер 240 секундта таусылды ????Ирландиялық спортшы бес жылдан кейін шілде айында өтетін International Fight Week аясында Макс Холлоуэйге қарсы жекпе-жекке шығады, жанкүйерлер бұл жаңалықты ерекше толқыныспен қабылдады. ✍????@Criistinaparra_https://t.co/AiLoFXFnq6
— As Más Deporte (@As_MasDeporte) June 1, 2026
Еске сала кетейік, UFC 329 турнирінің басты кездесуінде жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы қос чемпион Конор Макгрегор мен UFC-дің жартылай жеңіл дивизионының экс-чемпионы әрі BMF белбеуінің иегері Макс Холлоуэй жұдырықтасады.
Жекпе-жек 11 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жартылай орта салмақта өтеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC (@ufc) жарияланымы


Айта кетейік, Макгрегор мен Холлоуэй осыдан 12 жыл бұрын, 2013 жылдың тамызында кездескен болатын. Ол кезде төрешілер шешімімен ирландиялық спортшы жеңіске жеткен еді.

Конор Макгрегор - UFC аңызы
Конор Макгрегор аралас жекпе-жектің тірі аңызы. Ол тарихта бір мезгілде екі салмақ дәрежесінде чемпиондық атақты иеленген алғашқы адам болды.
Қазіргі уақытта Конор Макгрегордың октагонға шықпағанына 4 жылдан асты. Ол кейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың 11 шілдесінде UFC 264 турнирінде өткізді. Ол кезде оған қарсы бітіспес қарсыласы, америкалық Дастин Порье шыққан болатын (ол кезде Конор екеуінің арасындағы есеп 1:1 еді).
Үшінші кездесу тартысты әрі қызықты болады деп күтілгенімен, ирландиялық жұлдыз бірінші раундта-ақ аяғын сындырып алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде оған техникалық жеңіліс есептеліп, Порье трилогия жеңімпазы атанды.

Бұған дейін ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко келесі жекпе-жегін Дана Уайттың лигасында өткізетіні хабарланған болатын.
Ал UFC-дегі қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов жарақатынан айығып, жаттығуға оралды. Оның жаттығудағы серіктесі шеттетілген боксшы Дулат Бекбауов болды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus