Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев ЕАЭО-ның Үндістанмен еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздерді қолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) еркін сауда аймағын құру жөніндегі Үндістанмен арадағы келіссөздерді қолдады. Бұл туралы ол Астанада өткен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭК) отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент ЕАЭО-ның Араб әлемі, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка және Латын Америкасы елдерімен, сондай-ақ беделді өңірлік экономикалық бірлестіктермен байланыстарын одан әрі кеңейту маңызды екенін атап өтті.

"Қазір Үндістанмен еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс басқа да қызмет бағыттары сияқты назар аударуға лайық. Менің ойымша, шағын құрамдағы кездесуде Беларусь Президенті өте дұрыс ұсыныс айтты. Еркін сауда аймағын құратын серіктестер де, сондай-ақ байқаушы мәртебесіне ие болатын елдер де мұқият таңдалуы қажет. Яғни бәрін бірдей емес, шын мәнінде белгілі бір талаптарға сай келетін және Еуразиялық экономикалық одаққа пайда әкелетін елдерді қабылдау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстан ЕАЭО органдарына төрағалығы аясында мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық әлеуетін нығайтуға, орнықты дамуын қамтамасыз етуге алдағы уақытта да барынша жәрдемдесе беретінін мәлімдеді.

"Біз бірлесе күш жұмылдыра отырып, маңызды нәтижеге қол жеткізе аламыз және Одақ аясындағы ынтымақтастықты жаңа әрі сапалы деңгейге шығарамыз. Мен бұған кәміл сенемін. Былтыр ЕАЭО қызметінің стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын табысты аяқтадық. Алдымызда Еуразиялық интеграцияны одан әрі дамыту туралы декларацияда қарастырылған көптеген міндет тұр. Сөз соңында алға қойған мақсаттарға жету жолында баршаңызға табыс тілеймін", – деді Қазақстан Президенті.

Еске салайық, Астанада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
Кеңес отырысы басталар алдында мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Айта кетейік, биыл Қазақстан ЕАЭО органдарына - Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалық етеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus