Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жол апатынан кейін сот және полицияға жүгінбей төлемдерді қалай алуға болады?

Қазақстандықтарға жол-көлік оқиғасын сотсыз және полиция шақыртпай-ақ рәсімдеп, сақтандыру төлемін алу мүмкіндігі еске салынды, деп хабарлайды Tengri Auto Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
"Еурохаттама" деген не?
"Еурохаттама" жүргізушілерге қағазбастылықсыз апат болған жерде сақтандыру ұйымына төлем алу үшін өз бетінше өтінім беруге мүмкіндік беретін жүйе.
Бұл төлем алу мерзімін қысқартып, сот пен жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтады.2026 жылғы мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 27 822 оқиға бойынша 5,5 млрд теңге төленді.Қандай жағдайда қолданылады?
Жол-көлік оқиғасын еурохаттама бойынша рәсімдеу үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс:

апатқа тек екі көлік түскен;екі жүргізушінің де қолданыстағы сақтандыру полисі бар;келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен немесе 432 500 теңгеден аспайды;жүргізушілер арасында кінәлі тарапқа қатысты дау жоқ;ешкім зардап шекпеген, үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келмеген.

Егер осы шарттардың тым болмаса біреуі орындалмаса, полиция шақырту қажет.Қалай пайдалануға болады?
Рәсімдеу үшін Europrotocol, DTP.kz мобильді қосымшаларының бірін жүктеп алу қажет, сондай-ақ бұл функция банк қосымшаларында да қолжетімді.
Сонымен қатар өтінімді сақтандыру компаниясының ресми сайты арқылы беруге болады.
Бұдан кейінгі алгоритм өте қарапайым:

сәйкестендіруден өту;декларация толтыру;оқиға орнынан фото мен видеоны тіркеу.

Осыдан кейін өтінім сақтандыру компаниясына автоматты түрде жіберіледі.
Апатқа ұшырағандар сақтандырушыдан декларация қабылданғаны туралы хабарлама алғанша оқиға орнынан кетіп қалмауы маңызды. Осыдан кейін ғана тарауға болады.
Бұған дейін қазақстандықтар арасында автонесиеге сұраныс азайғаны туралы жазған болатынбыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда автосақтандыру жүйесіне өзгерістер енгізіледі: жүргізушілер нені білуі керек?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus