Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге гүл сыйлауға рұқсат бермек

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ведомство мектеп бітіру кештерін өткізу ережелерін қайта қарауы мүмкін екенін айтты. Атап айтқанда, оның сөзінше, мұғалімдерге гүл сыйлауға ресми түрде рұқсат беретін норманы қарастыруға болады, деп хабарлайды Tengri Education.
Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден мектеп бітіру кештерін өткізу ережелерінің қай бөлігі жеңілдетілуі мүмкін екенін сұрады. Сұрақ, соның ішінде, педагогтерге берілетін сыйлықтарға да қатысты болды.
Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін белгілі бір норматив белгілеу туралы ұсыныс айтылғанын еске салып, бұл мәселе бойынша "ойлануға болатынын" айтты. Шенеуніктің сөзінше, жеңілдіктер қарастырылғанның өзінде мәселе тек гүл туралы болуы мүмкін.

"Мысалы, гүл сыйлауға заң жүзінде рұқсат беретін норманы қарастыруға болады. Бірақ, меніңше, тек гүл сыйлаумен шектелу керек", - деді ол.

Министр мұғалімдер үшін гүл жақсы сыйлық деп санайтынын, бірақ бұл мәселенің өзі реттелуі тиіс екенін айтты.

"Мұғалімдерге гүл сыйлау жақсы сыйлық деп ойлаймын. Бірақ мұның өзі заңнамалық нормалар аясында болуы тиіс", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Мән-жайы
Қазақстанда мұғалімдерге сыйлық беру және мектеп бітіру кешіне ақша жинау мәселесі жыл сайын көтеріледі. Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сыйлық алу үшін ақша жинауға тыйым салынғанын мәлімдеген болатын. Бұл ретте гүл сыйлау мәселесі бұған дейін де бөлек талқыланған: 2022 жылы тиісті министрлік мұғалімге гүл сыйлауды "игі дәстүр" деп атап, оған рұқсат екенін айтқан еді.
Тағы оқыңыз: Ешқандай дәмхана мен мейрамханасыз: министр бітіру кештерін өткізу ережелерін еске салды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus